gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында сәулет және қала құрылысы басқармасының есебі тыңдалды

13 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясында сәулет және қала құрылысы басқармасының есебі тыңдалды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовтың өкімімен құрылған уақытша депутаттық комиссия отырысы өткізіліп, өңірдегі сәулет және қала құрылысы саласындағы мәселелер талқыланды. Жиынды облыстық мәслихаттың кәсіпкерлік, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Сұлтан Көшенов жүргізді.

Отырысқа мәслихат депутаттары Төрегелді Қалмұратов, Нұржан Әшіров, Жаңабай Ағабеков, Ғабиден Қапалбаев, Сүлеймен Арыстанов, Нұржан Сейітжанов, Талғат Қаржауов, Еркебұлан Хандиллаев Сайдірасулхан Ералиев және басқарма қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының міндетін уақытша атқарушы Қуаныш Асанов өңірдегі құрылыс қарқыны, жаңа жобаларды іске асыру барысы мен инфрақұрылымдық даму бағытындағы көрсеткіштер, алдағы жоспарлар туралы баяндама жасады.

«Түркістан облысы қала мен аудандарды дамыту мақсатында туризм саласы бойынша концепциялар әзірлеу жұмыстары аудандық құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен бірлесіп әзірленуде. Аудан, қала құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері аудандарды дамыту мақсатында туризм саласы бойынша 17 жоба әзірленіп, 9 жоба сәулеттік жобалар бойынша мәжілісте қаралды. Негізінен өңірімізде 801 елді мекен бар. Оның ішінде, 794 елді мекен бас жоспармен қамтылған. Қалған 7 елді мекеннің бас жоспарларын 2025 жылы әзірлеу жоспарланған»,- деді Қуаныш Қабылбекұлы.

Тұрақты комиссия мүшелері саланы дамыту бағытында өз ұсыныстарын ортаға салды. Халық қалаулылары тұрғын үй құрылысы мен елді мекендердің көріктендіру деңгейіне баса назар аудару қажет екендігін жеткізді.

Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімдері өз бетінше салынған нысандардың алдын алу мақсатында ауыл және елді мекен тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Дегенмен, Түркістан облысының аудан және қала әкімдіктері ұсынған мәліметтерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде 604 заңсыз құрылыс анықталған. Бұл мәселе бойынша депутаттар заң шеңберінде жұмыс атқарылуы тиіс екенін атап өтті.

Previous Post

Түркістанда «Ұлттық рух – басты құндылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Next Post

Түркістан облысында "Браконьер" жедел профилактикалық шарасы өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz