Кентау қаласындағы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған №6 арнайы кітапхана-филиалында «Жанарсыз-ақ өмірім жалғасады» атты тағылымды мерекелік кеш ұйымдастырылды. Шара облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасымен бірлесе өткен. Жиын — зағип және көру қабілеті төмен жандардың қоғамдағы орнына назар аудару, оларды қолдап, өмірге деген құштарлығын арттыру мақсатында қолға алынған.
Кеш барысында Кентау қаласы әкімінің кеңесшісі Жүсіп Дүйсенәлі, облыстық «Ақниет» мүгедектер мен зағип жандардың қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Дастан Орынбасар және облыстық «Көзқарас» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рашид Шахапов қатысып, ерекше жандарға ізгі тілектерін жеткізді. Мұндай игі шаралар қоғамда инклюзивті мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.



