gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында күзгі көшет отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

17 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында күзгі көшет отырғызу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter
Биыл Түркістан облысында күзгі ағаш отырғызу маусымы 3 қарашада басталды. Биыл 510 750 түп көшет отырғызу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін орман шаруашылығы мекемелері тарапынан 401 475 түп көшет босатылды. Ал аудан, қала әкімдіктері тарапынан шұңқырлар қазу, қоршау және суару жүйелерімен қамту жұмыстары 70 пайыз көлемінде атқарылып, 340 мың түп көшет отырғызылды. Атап айтқанда, Түркістан, Арыс, Кентау қалалары мен Сайрам, Ордабасы, Төлеби, Бәйдібек, Түлкібас аудандары жоспарды толық орындады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде баяндалды.
Облыс әкімі елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бағытында жұмыстарды жандандыруды және күтімін күшейтуді тапсырды. Саладағы кемшіліктерге тоқталып, сын ескертпелер айтты.
Жиында Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Болысбек Шәріпбеков баяндама жасады. Оның мәлімдеуінше, Президент тапсырмасына сәйкес, республика бойынша 5 жылда елді мекендерде 15 миллионан астам ағаш отырғызу жоспары бекітілген. Іс-шара жоспарында облыстың елді мекендерін көгалдандыруға 1,1 млн. көшет егу тапсырылған. Өткен жылы өңірде 2,7 млн. көшет отырғызылып, жоспар артығымен орындалды. Биыл аудан, қалаларды көгалдандыруға 1 миллионнан астам көшет егу жоспарланып, оның ішінде 509 мың түп көктемгі маусымда отырғызылды.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес барлық аудан, қалаларға және орман шаруашылығы мекемелеріне көшет босату мен алып-кетудің механизмі жасалып, жауапты тұлғалар бекітілген. Ағаш отырғызу барысы арнайы жұмысшы топтармен қадағалануда. Көшет отырғызу жұмыстары аяқталғаннан кейін, атқарылған жұмыстардың сапасын анықтау, қоршаулары мен суғару жүйелерінің іске қосылуы бойынша қорытынды тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелері орналасуы бойынша жақын аудан, қалаларға олардың климаттық ерекшелігін ескеріп, жерінің тұзды, сортаң, тас-топырақты болуына байланысты биіктігі 1,5 — 3 метр болатын жергілікті жерсіндірілген жапырақты (қарағаш, шаған, айлант, ясень), қылқанды (бозарша, арша, қарағай) жеміс ағаштары (өрік, алма, шие, шабдалы) мен биыл гүлді ағаш, бұта (бирючина, лигустра) түрлерін босатып, стандартты көшеттерді отырғызуға басымдық берілуде.
Previous Post

Кентауда халықаралық зағиптар күніне арналған «Жанарсыз-ақ өмірім жалғасады» атты тағылымды кеш өтті

Next Post

Түркістан облысындағы 89 жанармай құю бекеті бағаны заңсыз өсірген

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz