gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаулық еңбек адамы 20 жылдан бері трансформатор зауытында қызмет етіп келеді

21 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаулық еңбек адамы 20 жылдан бері трансформатор зауытында қызмет етіп келеді
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау трансформатор зауыты – еліміздің электр техникасы саласындағы ірі өндірістік кәсіпорындардың бірі. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы бұл зауыт ел экономикасының энергетикалық жүйесін тұрақты қамтамасыз етіп келеді. Өндірістік желілердің үздіксіз жұмыс істеуі, шығатын өнімнің сапасы мен сенімділігі – онда еңбек етіп жүрген мыңдаған мамандардың жауапкершілігі мен кәсібилігінің нәтижесі. Солардың қатарында ұзақ уақыт осы кәсіпорында еңбек етіп келе жатқан жұмысшылардың бірі – Үсен Қонысбаев.
Ол Кентау трансформатор зауытында 20 жылдан бері оператор болып жұмыс істеп келеді. Өндіріс саласына алғаш келген күннен бастап ол осы күрделі әрі маңызды істің қыр-сырын меңгеріп, білікті маманға айналған. Қазіргі таңда өндіріс жүйесінің барлық кезеңін қадағалайды. Трансформатор құрастырудың бастапқы процесінен соңғы сынаққа дейінгі әрбір сатылы жұмыс бақылаудан өтеді.
Үсен Қонысбаев осы талаптардың орындалуын ұдайы назарда ұстайды, тәжірибесі аз қызметкерлерге бағыт-бағдар беріп отырады. Ол еңбек ететін ауысымда 16 адам жұмыс істейді. Үсен Қонысбаев сияқты ұзақ жылдар бойы бір салада еңбек еткен мамандардың тәжірибесі зауыт үшін де, жас қызметкерлер үшін де үлкен мектеп. Кентау трансформатор зауытының бүгінгі жетістігі – осындай қарапайым еңбек адамдарының еңбегі.
Previous Post

Кентауда көпқабатты тұрғын үй аумағында заңсыз салынған нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізіледі

Next Post

Түркістан облысында ветеринарлар 271 млн теңге субсидияны жымқырған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz