gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында ветеринарлар 271 млн теңге субсидияны жымқырған

21 ноября, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында ветеринарлар 271 млн теңге субсидияны жымқырған
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының прокуратурасы субсидия қаржысын жымқыру фактісін сотқа жолдады, — деп хабарлайды KAZINFORM.

Тергеу барысында анықталғаны, аудандық ветеринария қызметінің 4 маманы ауыл тұрғынымен сөз байласып, шаруа қожалықтарының аттарына іс жүзінде болмаған 100 мың бас шамасындағы ұсақ малды ақпараттық жүйеде заңсыз тіркеп, 271 млн теңге субсидия жымқырып, өзара бөліскен.

— Түркістан қаласының сотымен алаяқтық жолмен, жоқ малдарға жалған құжаттар әзірлеп, субсидия қаражатын жымқырған 5 тұлға кінәлі деп танылып, 4 күдікті 5,2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, бір адамға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, соңынан рақымшылық актісін қолданып сот істі тоқтатты. Мемлекеттің пайдасына 50 млн теңге өндірілді, сонымен бірге 120 млн теңгеге мүлікке тыйым салынды, — делінген облыс прокуратурасының ресми хабарламасында.

Прокуратура мәлімдегендей, мемлекеттен бөлінген субсидия қаражатын жымқырғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген және ол әрекеттер үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Previous Post

Кентаулық еңбек адамы 20 жылдан бері трансформатор зауытында қызмет етіп келеді

Next Post

Сайрам ауданындағы «Келешек мектебінде» үйірме жұмыстары жанданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz