gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

ЖРВИ және тұмау ауруынан сақтана білген жөн!

3 декабря, 2025
in Қоғам
0
ЖРВИ және тұмау ауруынан сақтана білген жөн!
Share on FacebookShare on Twitter

Жылдың суық мезгілі келуімен жіті респираторлық вирусты инфекциялар (ЖРВИ)мен тұмау ауруының маусымы басталады. Сондықтан ЖРВИ және тұмау ауруынан сақтана білген жөн. ЖРВИ тұмау аурушаңдығының эпидемиялық маусымы 1-ші қазаннан басталып келесі жылдың сәуір айының соңына дейін созылады.
Жедел респираторлы вирусты инфекция (ЖРВИ) – интоксикация белгілерімен, катаралды құбылыстарымен, тыныс алу жолдарының әртүрлі бөлігін зақымдауымен, жоғары контагиоздылығымен ерекшеленетін аурулар тобы. Ауру қоздырғыштары ауа-тамшы жол арқылы беріледі. Тұмау – бұл инфекциялық вирусты ауру, қоздырғышы А, В типтегі вирустар. Аурушаңдық науқас адамнан дені сау адамға ауа-тамшылы жолмен беріледі. Тұмауды жұқтырған уақыттан бастап клиникалық көріністерінің пайда болу мерзімі бірнеше сағаттан бірнеше күннің арасында өтеді. Тұмаудың негізгі көріністері – жалпы әлсіздік, қатты бас ауру, көз алмасын қимылдатқан уақытта ауру сезімі, қалтырау, ауру ағымына қарай дене қызуының 38-40С көтерілуі, бұлшықет пен буындардың ауру сезімі, көздің жасаурауы, мұрынның бітуі, тамақтың жыбырлауы, тершендік, құрғақ жөтел. Аурудың ұзақтығы 5 күннен 10 күнге дейін созылады. Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Тұмаудың алдын алудың ең сенімді жолы- тұмауға қарсы егу болып табылады.

Тұмау, ЖРВИ аурушаңдығының алдын алу үшін ұсынамыз:

— Эпидемия кезеңінің алдында тұмауға қарсы профилактикалық екпе алу;
— Адам көп жиналған жерге мүмкіндігінше (ойын — сауық шараларына, жиналыстарға, кездесулерге) барудан бас тарту, азайту;
— Бетперде тағу (әрбір 3 сағат сайын ауыстыру);
— Қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы (құрамында спирт бар) ерітіндімен жуу;
— Бөлмені, ғимаратты, үйді жиі желдету, ылғалды жинау;
— Денені, аяқты жылы ұстау, мұздай, салқындатылған сусындарды тұтынуды шектеу;
— Таза ауада серуендеу, дене шынықтырумен және спортпен айналысу
-Дұрыс толыққанды тамақтану, витаминді тағамдарды пайдалану.

Н.Нышанов,

Басшы

Previous Post

Толық циклді жоба: Түркістан облысында мақта өсіруден бастап киім дайындауға дейінгі ауқымды кластер құрылады

Next Post

Кентауда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелері талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz