gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелері талқыланды

5 декабря, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелері талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

«Ауыл» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесу әлеуметтік саясаттың өзекті тұстарын талқылауға арналған мазмұнды диалог алаңы болды. Бұл жиын формалды сипаттан аулақ, керісінше қоғамның ерекше күтімді қажет ететін тобының мәселелерін шешуге бағытталған ашық әрі сындарлы пікір алмасу ретінде өтті.

Кездесуге «Ауыл» партиясының мүшесі, Түркістан облыстық мәслихат депутаты әрі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау комиссиясының төрағасы Қайрат Салыбек, Кентау қалалық «Ауыл» партиясы Жастар қанатының жетекшісі Шоқан Бурашов, «Ақниет» қоғамдық қорының төрағасы Дастан Орынбасаров, «Көзқарас» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рашид Шахапов және бірқатар қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Жиын барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар ең алдымен өздеріне заң бойынша тиесілі санитарлық-гигиеналық құралдарды ала алмай отырғандарын ашық жеткізді. Құжатта қарастырылғанымен, бұл көмектің көп азаматқа уақытылы жетпеуі олардың айлап табалдырық тоздыруына әкелуде. Қатысушылар бұл бағыттағы бақылаудың әлсіздігін атап, тиісті органдардың жұмысын қайта қарау қажеттігін айтты.

«Ақниет» қорының төрағасы Дастан Орынбасаровтың айтуынша, 2025 жылға арналған жеке оңалту бағдарламасының қаражаты сәуір айында-ақ толық игеріліп қойған. Қазіргі уақытта Кентау қаласында санаторий-курорттық емделуге, оңалту орталықтарына, гигиеналық және тифло-құралдарға бөлінетін қаражат қалмаған. Қосымша қаржы сұралғанымен, мәселе шешімін таппай отыр.

Кездесуде санаторий-курорттық орындардағы инклюзивті ортаның жоқтығы да өткір сынға алынды. Жолдама алу қиын ғана емес, жолдама алған жағдайда да емдеу мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасалмаған. Пандустардың талапқа сай еместігі, арнайы бөлмелер мен қолжетімді қызметтердің болмауы, мамандардың инклюзивті қызмет көрсету мәдениетінің төмендігі жиын барысында нақты мысалдармен айтылды. Қатысушылардың «санаторийге барған адам сауығып шығуы керек, ал біз керісінше қоғамнан бөлектенгенімізді сезініп қайтамыз» деген сөзі жалпы жағдайдың ауырлығын айқын көрсетті.

Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі азаматтар жәрдемақыларына экологиялық аймаққа байланысты төлемдердің қосылмай отырғанын әділетсіздік деп бағалады. Басқа санаттағы азаматтар алатын төлемдерді ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға бермеу түсініксіз екені айтылды. Бұл мәселе облыстық деңгейде көтеріліп, нормативтік актілерге өзгеріс енгізу қажеттілігі атап өтілді.

Жиында Кентау қаласына ДЦП және Даун синдромымен ауыратын балаларға арналған арнайы оңалту орталығы қажет екені ерекше айтылды. Қалада ресми тіркелген 200-ден астам ерекше бала бар, тіркелмегендері тағы бар. Дастан Орынбасаровтың айтуынша, мұндай орталық ашуға инвестор дайын, тек мемлекеттік рұқсат пен қолдау қажет. Инклюзивті білім беру бағытында екі инклюзивті сынып ашылғанымен, бұл қажеттілікті толық өтемейді. «Сынып ашу – бастама ғана, толыққанды инклюзивті кеңістік қажет» деген пікір де ерекше назар аудартты.

Сонымен қатар, қаладағы қолжетімді ортаның талапқа сай еместігі де талқыланды. Пандустардың стандартқа сай болмауы, тактильді жолақтардың жоқтығы, арнайы лифтілердің орнатылмауы – кең таралған олқылықтар. Жаңа салынып жатқан ғимараттардың өзі инклюзивті талаптарды ескермей салынатыны сыналды. Бұған жол бермеу үшін бақылауды күшейту, құрылыс жобалау кезінде міндетті нормаларды қатаң сақтау қажеттігі айтылды.

Инвотакси мен әлеуметтік такси қызметінің жеткіліксіздігі де өзекті мәселе ретінде көтерілді. Қолда бар көліктер тұрғындардың сұранысын толығымен қамтамасыз ете алмайды, әсіресе таңертең және кешкі уақытта қызмет қолжетімсіз. Бұл азаматтардың емханаға, оқу орнына, мемлекеттік қызметтерге уақытында бара алмауына себеп болып отыр. Автопаркті ұлғайту және қаржыландыруды арттыру ұсынылды.

Жиын соңында Қайрат Салыбекұлы азаматтарды жеке қабылдап, олардың сұрақтарын тыңдады. Қойылған ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, шешу бағытында нақты жұмыс басталатыны айтылды. Партия өкілдері мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау – «Ауыл» партиясының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Инклюзивті қоғам құру – жай ұран емес, нақты әрекетті қажет ететін міндет. Кентауда өткен бұл жиын осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі болды.

Шоқан Бурашов
Кентау қалалық «Ауыл» партиясы
Жастар қанатының төрағасы

Previous Post

ЖРВИ және тұмау ауруынан сақтана білген жөн!

Next Post

Түркістанда «Таза Қазақстан» бастамасы аясында облыстық «Ecoaction» челленджі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz