gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында биыл 1700-ден астам жол белгісі орнатылған

12 декабря, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында биыл 1700-ден астам жол белгісі орнатылған
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл шаралар көлік қозғалысын тиімді реттеуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Жыл басынан бері қала аумағында 1 748 жол белгісі орнатылған. Оның ішінде 310-ы білім беру ұйымдарының маңына қойылған. Сонымен қатар, 400 шақырым жол таңбалары жаңартылып, 200 жаяу жүргінші жолағы қайта сызылды. Мектептер мен халық көп шоғырланатын аймақтарда көлік жылдамдығын төмендету мақсатында жалпы ұзындығы 306 метрді қамтитын 35 орынға жасанды жол кедергілері орнатылды. Сондай-ақ, биыл 7 жерде бағдаршам нысандары жаңартылып, қосымша 5 аймақта жаңа бағдаршам орнату жоспарланған.
Қала әкімдігінің бастамасымен қоғамдық қауіпсіздікті арттыру бағытында бейнебақылау жүйесін жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде. 2025 жылы жалпы 410 бейнебақылау камерасына қызмет көрсетіліп, оның ішінде 200 камера жаңғыртылды. Сондай-ақ, қосымша 210 жаңа бейнебақылау камерасы орнатылуда. 2026 жылға жоспарланған жұмыстар бойынша қалада 275 жаңа бейнебақылау камерасы орнатылатын болады.
Previous Post

Ваучерлік қаржыландырудың арқасында балабақша кезегі 44%-ға қысқарды

Next Post

Кентауда саяси мәдениетті нығайтуға бағытталған дөңгелек үстел өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz