«AMANAT» партиясының хатшысы, Әйелдер қанатының төрайымы Шолпан Каринованың Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Еңбек» фотокөрмесі мен Инновациялық Хакатон идеялар алаңы өтті.
«Еңбек» фотокөрмесі арқылы жұмысшы мамандық иелерінің маңдай тері мен адал еңбегі ұлықталса, Инновациялық Хакатонда жастар ауыл шаруашылығы, экология және цифрландыру бағыттары бойынша нақты әрі қолданбалы жобаларын ұсынды. Үздік идеялар университет тарапынан қолдауға ие болды.
Жұмыс сапары барысында әйелдер еңбегін қолдау нақты істермен жалғасын тапты.



