gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 62,8 мың жұмыскердің құқығын қорғады

16 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 62,8 мың жұмыскердің құқығын қорғады
Share on FacebookShare on Twitter
2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 629 кәсіпорнында 11,9 мыңнан астам жұмыскерге жалақы бойынша 3,1 млрд теңгеден астам сомаға берешек барын анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8,7 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 4 245 ұйғарым берілді және 524,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 11,8 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,85 млрд теңге төленді.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 599 тексеру жүргізді, оның барысында 8 720 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 7 089; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 585; халықты жұмыспен қамту бойынша – 46.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 51 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Previous Post

Шардара ауданындағы су нысандарының жай-күйі назарда

Next Post

Түркістанда ислам институты ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz