gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардара ауданындағы су нысандарының жай-күйі назарда

14 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шардара ауданындағы су нысандарының жай-күйі назарда
Share on FacebookShare on Twitter

Сырдария өзені – еліміздің оңтүстігіндегі тіршілік тамыры, ал оның Қазақстан аумағындағы бастауында орналасқан Шардара су қоймасы стратегиялық маңызы бар бірегей нысан саналады. Дәл осы су қоймасы арқылы Түркістан облысы мен Қызылорда облысындағы кең көлемдегі суармалы алқаптар ағын сумен қамтамасыз етіліп келеді. Сондықтан Шардара су қоймасының жағдайы мен ондағы су қоры – өңірдің ғана емес, тұтас елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен энергетикалық тұрақтылығына тікелей әсер ететін маңызды фактор.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында: «Су – еліміз үшін стратегиялық ресурс. Біз су мәселесімен жүйелі түрде айналысуымыз керек» деді.

Жақында ақын, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса және партияның Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұржан Толқынұлы Шардара ауданына арнайы іссапармен келіп, бірқатар маңызды су және энергетика нысандарының жұмысымен жан-жақты танысты. Жұмыс сапары алдымен Шардара су қоймасынан басталды.

Қазіргі таңда су қоймада 3 млрд 332 млн текше метр су жиналған. Бұл – жалпы сыйымдылықтың 64 пайызы. Су қоймасына секундына 800 текше метр су келіп жатса, Шардара су электр станциясы арқылы Сырдария өзеніне секундына 600 текше метр су жіберілуде. Мамандар бұл көрсеткіштерді қалыпты деп бағалап, су қорын жинау және тиімді басқару бағытында «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан облыстық филиалы тұрақты әрі жүйелі жұмыс жүргізіп отырғанын жеткізді.

Шардара су қоймасы өндірістік бөлімшесінің басшысы Иса Ермек Смайлұлы нысанның тарихы мен техникалық әлеуетіне кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, су қоймасы 1967 жылы пайдалануға берілген. Бөгеттің ұзындығы 5,3 шақырымды құрайды, ал жалпы сыйымдылығы 5 млрд 200 млн текше метр. Бұл – еліміздегі ең ірі гидротехникалық нысандардың бірі. Мамандар өткен жылы су көлемі күрт төмендеп, бар болғаны 226 млн текше метрге дейін түскенін атап өтті. Яғни, бұл Шардара су қоймасы тарихындағы ең төменгі көрсеткіш. Ал, биыл жағдай біршама тұрақталып, су қоры қайта жинала бастаған. Қазіргі таңда бөлімшеде 54 адам тұрақты еңбек етеді.

Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса былтыр Арнасай тоғанына жіберілген 1 млрд 800 млн текше метр су мәселесіне қатысты сұрақ қойды. Мамандар бұл шешімнің жоғары деңгейде қабылданғанын, ал суару жүйелеріне су беру жұмыстары 10 наурыздан бастап жоспарлы түрде жүзеге асырылатынын мәлімдеді. Бұл өз кезегінде диқандар үшін аса маңызды ақпарат екені сөзсіз.

Жұмыс сапары барысында делегация Шардара су электр станциясының қызметімен де танысты. Қазіргі таңда станцияда төрт қондырғы толық қуатында жұмыс істеп тұр. Олар секундына 600 текше метр суды қабылдап, тұрақты түрде электр энергиясын өндіруде. Мамандардың айтуынша, қолда бар су қоры электр қуатын өндіруге толық жеткілікті. Шардара ГЭС-і аудан тұрғындарын ғана емес, көршілес аймақтарды да тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр.

Бұдан бөлек, делегация Шардара қаласынан 40 шақырым қашықтықта орналасқан «Тама» таза су қоры нысанының құрылыс алаңында болды. Жалпы аумағы 16 гектарды құрайтын бұл жоба стратегиялық маңызға ие. Қазіргі таңда мұнда 14 ұңғыма іске қосылып, су 185 метр тереңдіктен алынуда. Жоба аясында екі 500 текше метрлік резервуар салу көзделіп, тәулігіне 1000 текше метр таза ауыз су өндіру жоспарланған. Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса судың сапасын жоғары бағалап, бұл жобаның жүзеге асуын ұзақ жылдарға созылған еңбектің нақты нәтижесі деп атап өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне әрдайым ерекше мән беріп келеді. Президент суды сақтау, үнемдеу және әділ бөлу мемлекет алдындағы аса маңызды міндеттің бірі екенін атап өткен болатын. Осы тұрғыдан алғанда, Шардара ауданында жүзеге асып жатқан су және энергетика саласындағы жобалар Президент тапсырмаларының нақты орындалып жатқанын көрсетеді.

Жұмыс сапарының қорытындысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Шардара ауданында жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретінін атап өтті. Су қауіпсіздігі, электр энергиясы мен таза ауыз су мәселесінің жүйелі шешілуі – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырып, өңірдің тұрақты дамуына жол ашатыны сөзсіз.

Previous Post

Келес ауданында жол сапасы 21 пайыздан 65 пайызға өсті

Next Post

2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 62,8 мың жұмыскердің құқығын қорғады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz