gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданында жол сапасы 21 пайыздан 65 пайызға өсті

14 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданында жол сапасы 21 пайыздан 65 пайызға өсті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде елдің инфрақұрылымдық дамуына, әсіресе автокөлік жолдарының сапасына ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, автомобиль жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырудағы айрықша маңызды міндет. «Елдегі автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту – айрықша маңызды міндет. Бұл, біріншіден, Қазақстанның батыс пен шығыс арасындағы транзит дәлізі ретіндегі рөлін арттыра түседі. Екіншіден, облыстар арасындағы көлік байланысын барынша жақсартады», – деді Мемлекет басшысы. Бұл тұжырым елімізде жүргізіліп жатқан жол құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту саясатының стратегиялық маңызын айқын көрсетеді.

Президент атап өткен осы басым бағыттар бүгінде өңірлерде нақты істермен жүзеге асуда. Соның айқын дәлелі Келес ауданында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар деуге болады. Келес ауданы 2018 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен қайта құрылып, өз алдына жеке аудан ретінде дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Аудан қайта құрылған тұста елді мекендердегі ішкі жолдардың жағдайы күрделі болатын. Сол кезеңде қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі небәрі 21 пайызды ғана құраған еді. Бұл тұрғындардың күнделікті қатынасына, ауылдар арасындағы байланысқа және экономикалық белсенділікке айтарлықтай кедергі келтіргені белгілі.

Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында кейінгі жылдары Келес ауданында жол саласына айрықша көңіл бөлініп, ауқымды жұмыстар атқарылды. 2019 жылы аудан аумағында 23 жол нысаны жөнделіп, алғашқы нәтижелер көріне бастады. 2020 жылы бұл жұмыс одан әрі қарқын алып, «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында 16 жол жаңартылса, тағы 16 жол жергілікті бюджет есебінен жөндеуден өтті. Бұл кезең аудан инфрақұрылымын жақсартуда маңызды бетбұрыс болды.

2021 жылы да жол жөндеу жұмыстары жүйелі түрде жалғасын тапты. Атап айтқанда, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы арқылы 2 жол, ал жергілікті қаржы есебінен 6 жол қайта жаңғыртылды. 2022 жылы бағдарлама шеңберінде тағы 7 жол нысаны іске асырылып, ауылішілік жолдардың сапасы біртіндеп жақсара түсті. 2023 жылы 9 жол жөнделсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 15 жол нысанына жетті. Ал 2025 жылы 21 жол нысанын жөндеу жоспарланып, бүгінде ол жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Жалпы алғанда, 2019–2025 жылдар аралығында Келес ауданында 115 көше мен жол нысаны жөндеуден өтті. Бұл – аудан үшін өте маңызды әрі ауқымды көрсеткіш. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ішкі жолдардың қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 21 пайыздан 65 пайызға дейін артты. Мұндай өсім аудан тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер етіп, елді мекендер арасындағы қатынасты жеңілдетті, әлеуметтік және экономикалық байланыстарды нығайтты.

Жол инфрақұрылымының жақсаруы тек көлік қатынасын жеңілдетіп қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына да тың серпін беруде. Ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау жеңілдеп, кәсіпкерлік нысандарға қолжетімділік артты. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау және өзге де әлеуметтік қызметтерге тұрғындардың қолы бұрынғыдан да жақындай түсті. Бұл өз кезегінде ауданның инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа жобалардың жүзеге асуына жол ашуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткен автожолдарды жаңғырту арқылы транзиттік әлеуетті күшейту міндеті Келес ауданы деңгейінде де өз нәтижесін беріп келеді. Жөнделген және жаңадан салынған жолдар ауданның облыс орталығымен, көршілес өңірлермен байланысын жақсартып, логистикалық мүмкіндіктерді кеңейтуде. Бұл – ел дамуының өңірлерден басталатынын айқын дәлелдейтін нақты қадамдар.

Осылайша, соңғы жылдары атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде Келес ауданы инфрақұрылымдық тұрғыдан айтарлықтай жаңарып, даму жолына нық қадам басты. Президент жүктеген міндеттер мен мемлекеттік бағдарламалардың тиімді іске асуы ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға нақты негіз қалыптастырып отыр. Алдағы уақытта да жол саласын дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасын тауып, Келес ауданының өсіп-өркендеуіне өз үлесін қоса бермек.

Previous Post

Жетісайда ағын суды үнемдеу және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

Next Post

Шардара ауданындағы су нысандарының жай-күйі назарда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz