gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайда ағын суды үнемдеу және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

13 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайда ағын суды үнемдеу және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы саласын дамыту және су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі күн тәртібінен түспейді. Жақында  аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов егістік алқаптарда ағын суды үнемдеу жүйесін орнатумен айналысатын компания басшыларымен кездесу өткізді. Жиынның негізгі мақсаты – су ресурстарын тиімді пайдалану, заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу және ауыл шаруашылығы саласындағы өнімділікті арттыру болды.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары мен ауылдық округтердің әкімдері, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, «ҚазСуШар» РМК ТФ Жетісай аудандық бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ «ALTYN-KUN-GROUP», «BNK GROUP», «KAZKIOTI» және «NOSER» ЖШС өкілдері қатысты. Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерасыл Зекен өткен жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен және қазіргі кезде егістік алқаптарға енгізілген су үнемдеу жүйелерінің тиімділігін баяндап, алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен күтілетін нәтижелер туралы ақпарат берді.

Су үнемдеу жүйесін ендіруші компаниялар өз тараптарынан заманауи технологиялардың артықшылықтарын атап, ағын суды үнемдеу арқылы егіс көлемін ұлғайтуға, өнім сапасын арттыруға және табиғи ресурстарды сақтауға болатынын атап өтті. Аудан әкімі мұндай жүйелердің маңыздылығын ерекше атап, ауыл шаруашылығында озық технологияларды кеңінен енгізу қазіргі уақыт талабы екенін жеткізді. Сонымен қатар, тиісті мекемелерге аталған бағыттағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру, шаруалармен тығыз байланыста жұмыс атқару жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сала мамандарының мәліметінше, өткен жылы аудандағы жоспарланған 8 мың гектар алқаптың 5646 гектарына су үнемдеу технологиясы енгізілген. Биылғы жылы тағы 8 мың гектар алқапқа технология енгізу көзделіп отыр. Қазіргі таңда «KAZKIOTI» компаниясымен жалпы аумағы 1285 га құрайтын 13 ірі шаруашылыққа су үнемдеу жүйесін енгізу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Қазіргі уақытта облыстағы 42 су қоймасының жалпы сыйымдылығы 8,8 млрд текше метрді құрайды. Су қоймаларындағы су көлемі 4,0 млрд м³ немесе 47 пайыз деңгейінде. Атап айтқанда, Шардара су қоймасына 3,3 млрд м³, Көксарай су реттегішіне 567 млн м³, Бөген су қоймасына 169 млн м³ су жиналған. Су тапшылығының алдын алу мақсатында өңірде жаңа су қоймаларын салу жұмыстары да жүргізілуде.

Жиын соңында компаниялар мен шаруа қожалық иелері өзара ынтымақтастықты нығайтып, тиісті жұмыстарды кезең-кезеңімен іске асыру бойынша ортақ келісімге келетіндіктерін білдірді. Мамандар атап өткендей, су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу егістік алқаптарды тұрақты сумен қамтамасыз етуге, өнімділікті арттыруға және өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға зор серпін береді.

Жетісай ауданында жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар су ресурстарын тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыруға, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бастама болып отыр. Алдағы кезеңде су үнемдеу жүйелері аудандағы барлық егістік алқаптарға кеңінен енгізіліп, су тапшылығына қарсы күрес жүйелі түрде жалғасатын болады.

Previous Post

Түлкібаста қоқыс полигонын көшіру мәселесі қаралды

Next Post

Келес ауданында жол сапасы 21 пайыздан 65 пайызға өсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz