gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

2025 жылы 306 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

20 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
2025 жылы 306 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды
Share on FacebookShare on Twitter
2025 жылдың қорытындысы бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 306,2 мың адам қамтылды, 912,8 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 171,8 мың адам жұмысқа ораналасты, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 13,5 мың адам, жастар практикасында 30,6 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 100,8 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 19,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 7,1 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 335 адам жұмыспен қамтылды.
Жаңа бизнес-бастамаларды жүзеге асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санатына жататын азаматтарға 400 АЕК-ке дейін (1 572 800 теңге) 9 239 грант берілді.
Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 63,5 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 56,6 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 52 мың адам қамтылды, оның ішінде 29,3 мың адам оқуды аяқтады.
Жұмыс берушілердің өтініші бойынша кәсіптік оқытуға 9 734 адам жіберілді, оның ішінде 8 535 адам оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағаннан кейін 7 442 адам жұмысқа орналасты.
Бұдан басқа, қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 387 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.
Азаматтарды жұмысқа орналастыру бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылатынын және шын мәнінде жұмысқа орналасқандығы олар үшін міндетті зейнетақы жарналарының аударылуымен расталатынын атап өткен жөн.
Осылайша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 912,8 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде – 181 мың адам; Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер орналастырған бос жұмыс орындарына 254,1 мың адам; Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 434 мың адам; орталық мемлекеттік органдар іске асыратын жобалар шеңберінде – 43,7 мың адам жұмыспен қамтылды.
Previous Post

2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады: кәсіпкерлер 1 наурызға дейін хабарлама тапсыруы қажет

Next Post

Шымкентте жүргізуші куәлігін алуға келген үміткер көлікті аударып алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz