gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте жүргізуші куәлігін алуға келген үміткер көлікті аударып алды

20 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шымкентте жүргізуші куәлігін алуға келген үміткер көлікті аударып алды
Share on FacebookShare on Twitter

Жол-көлік оқиғасына байланысты пікір білдірген «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы аталған оқиғаның 19 қаңтарда Шымкент қаласындағы №4 мамандандырлыған ХҚКО аумағында орын алғанын хабарлады.

Практикалық емтихан тапсыру кезінде жүргізуші куәлігін алуға келген үміткер тапсырмалардың бірін орындау барысында көлік құралын басқаруда қателік жіберіп, соның салдарынан көлік аударылып кеткен.

Оқиға орнында мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері тарапынан алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, 103 нөмірі арқылы жедел медициналық жәрдем шақырылған. Үміткердің жағдайы дәрігерлер тарапынан қанағаттанарлық деп бағаланды.

Корпорация таратқан мәліметке сүйенсек, аталған оқиға мемлекеттік қызмет көрсету процесіне әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта практикалық емтихандар штаттық режимде қабылданып жатыр.

— Еске саламыз, практикалық емтиханға автомектептерде оқудан өткен, көлік құралын басқаруға дайындығын растаған және тапсырмаларды өз бетінше орындауға қабілетті тұлғалар ғана жіберіледі, — делінген “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының Байланыс қызметі таратқан ақпаратта.

Previous Post

2025 жылы 306 мыңнан астам адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды

Next Post

Түркістан облысында бидай өңдейтін заманауи зауыт қайта жаңғыртылып, іске қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz