gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардарада жағалауды тазалау жалғасуда

10 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шардарада жағалауды тазалау жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Соңғы жылдары елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселесі мемлекеттік деңгейде күн тәртібіне қойылып келеді. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы. Жақында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзінде де  бұл бастаманың бір реттік шара емес, елдің өмір салтына айналуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Яғни, сенбілікке шығып, бір күндік жұмыс жасап, сонымен шектелу – түпкі мақсат емес. Негізгі мұрат – тазалықты күнделікті әдетке, әр азаматтың берік ұстанымына айналдыру.

Сонымен қатар, Президент өз сөзінде тазалықтың елдің көркі ғана емес, халықтың денсаулығы мен рухани деңгейінің айнасы екенін айқын жеткізді. ««Таза Қазақстан» – ұлттық идеологиямыздың ажырамас бөлігіне айналды. Тазалық халқымыздың адал ниеті мен таза пейілінен басталады. Бұл – ең алдымен көшелерді, үйлерді таза, ұқыпты ұстау деген сөз. Таза Қазақстан – әдемі ұран да, науқан да емес, бұл – күнделікті қажырлы еңбектің нәтижесі. Тазалық тәртіпті күшейтеді, ал тәртіп жауапкершілікті арттырады. Осы маңызды тұжырымды ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Біз сонда ғана нағыз өркениетті және ілгері қадам басушы озық ел боламыз» деді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл ойы бүгінгі қоғам үшін өте өзекті. Шын мәнінде, тазалық мәселесі әркімнің жүрегіне терең бойлап, санаға сіңгенде ғана қоғам өзгереді. Алғашында міндетті шара ретінде сенбілікке қатысқан адамның өзі уақыт өте келе тазалықтың маңызын түсініп, оны өмірінің бір бөлшегіне айналдырады. Бұл – экологиялық мәдениетті қалыптастырудың ең тиімді жолы. Өкінішке қарай, әлі де болса табиғатты, қоғамдық орындарды ластайтын жекелеген азаматтар кездеседі. Президент атап өткендей, мұндай жауапсыз әрекеттерге заң аясында тосқауыл қою – уақыт талабы.

«Таза Қазақстан» бастамасы бүгінде өңірлерде жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Осы орайда Шардара ауданында да аталған экологиялық бағдарлама аясында нақты жұмыстар атқарылуда. Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, аудандық «Шаруашылық қызметі» мекемесі санитарлық тазалықты тұрақты бақылауға алып, кезекті сенбіліктер ұйымдастыруда.

Бұл жолғы тазалық жұмыстары су қоймасы маңында жүргізіліп, жағалау аумағынан жиналған тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Алайда сенбілік барысында әуесқой балықшылар мен кейбір демалушылардың табиғатқа немқұрайлық танытып, демалыс орнын ластап кетуі алаңдаушылық туғызды. Осыған байланысты демалушыларға арнайы үндеу жасалып, айналаны таза ұстау, қалдықтарды қоқыс жәшіктеріне тастау қажеттігі ескертілді. «Табиғатты бірге қорғайық!» деген ортақ үндеу жұртшылыққа жолданды.

Бұдан бөлек, аудан әкімінің жеке тапсырмасымен Сырдария су қоймасының жағалауында санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған тағы бір ауқымды экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл іс-шара барысында өзен жағалауындағы қоқыстар толық тазартылып қана қоймай, демалушылар мен әуесқой балықшыларға тазалық сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған сенбілікке аудандық мекемелердің қызметкерлері, ерікті жастар мен табиғат жанашырлары белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Сырдария жағалауы аудан тұрғындары мен қонақтарының сүйікті демалыс орны болғандықтан, бұл аумақтың таза әрі көрікті болуы баршаға ортақ міндет екені тағы бір мәрте айтылды. Осындай экологиялық бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

Жалпы, «Таза Қазақстан» акциясы елдің экологиялық келбетін ғана емес, ұлттық болмысын жаңғыртуға бағытталған маңызды бастама. Тазалық адал ниеттен және таза пейілден басталады. Әр аула, әр көше, әр жағалау таза болса, қоғам да рухани тазара түседі. Сондықтан мұндай экологиялық іс-шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, әрбір қазақстандықтың өмір салтына айналуы тиіс. Еліміздің таза, көрікті болуы біреулер үшін емес, ең алдымен өзіміз үшін қажет.

Previous Post

Жетісайда тазалық және қоршаған ортаны қорғау жұмыстары жалғасып жатыр

Next Post

Ел болашағы – цифрландыру мен әділетті қоғамда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz