gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардарада тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді

5 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шардарада тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел көлемінде «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын көтерді. Президент бұл науқанның жай ғана бір реттік сенбілікпен шектелмеуі керектігін баса айтып келеді. Оның айтуынша, көшеге шығып бір күндік тазалық жасап, жұмыс істеген сыңай таныту – мәселенің шешімі емес. Ең бастысы, тазалықты өмір салтына айналдыру, оны әр азаматтың күнделікті әдеті мен берік қағидасына енгізу. Мемлекет басшысы бұл мәселені жалпыұлттық деңгейдегі міндет ретінде қарастырып, еліміздің таза әрі көрікті болуы ең алдымен халықтың өзіне қажет екенін атап өтті.

Аталған бастама аясында Шардара ауданында да нақты жұмыстар қолға алынып, санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті нығайту бағытында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда. Соның бірі ретінде Шардара қаласындағы Бәйтерек көшесі бойында жүргізілген тазалық жұмыстарын айтуға болады. Бұл аумақта бейберекет шашылған тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы техниканың көмегімен қоқыс полигонына шығарылды. Нәтижесінде, көше бойы толықтай тазартылып, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптасты.

Сонымен қатар, тазалық жұмыстарымен қатар профилактикалық бағыттағы шараларға да ерекше мән берілді. Аталған аумақтың тұрғындарына Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізіліп, санитарлық талаптарды сақтаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Қоршаған ортаны қорғау, қоқысты белгіленбеген жерге тастамау, тазалықты сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екені тағы бір мәрте айтылды.

«Таза Қазақстан» бастамасы елдің экологиялық ахуалын жақсартуға ғана емес, қоғамның санасын өзгертуге бағытталған маңызды қадам. Тазалық – тәртіптің бастауы, ал тәртіп – жауапкершіліктің негізі. Әр тұрғын өз ауласын, өз көшесін, өз қаласын таза ұстауға бей-жай қарамаса, еліміздің келбеті де күн санап көркейе түсері анық. Таза орта – салауатты өмірдің кепілі. Сондықтан, тазалықты сақтау бір реттік міндет емес, баршамызға ортақ, күнделікті жауапкершілік екенін ұмытпайық!

Previous Post

Түлкібастағы каналдарға механикалық тазалау жұмыстары жүргізіледі

Next Post

Түркістан облысында жануарларға чип салу арқылы ветеринария саласы цифрландырылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz