gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібаста табиғи бұлақ көздері қорғауға алынады

11 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түлкібаста табиғи бұлақ көздері қорғауға алынады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда әлем бойынша су тапшылығы жаһандық сипат алып, өзекті мәселеге айналып отыр. Осыған байланысты ауызсуды үнемдеу, оны тиімді әрі ұқыпты пайдалану мәселесіне ерекше мән берілуде. Су – тіршілік көзі ғана емес, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың денсаулығына тікелей әсер ететін стратегиялық ресурс. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бірнеше рет атап өткен болатын.

«Қала халқының және ауыл тұрғындарының көпшілігі таза ауыз сумен қамтамасыз етілді. Енді алдымызда тұрған шұғыл міндет – 500-ге жуық ауылға су беру. Әсіресе, ауыз суды тазалау мәселесін шешу қажет. Халқымыз “Судың да сұрауы бар” деп тегін айтпаған. Әр тамшы судың қадірін білген. Суды тиімді пайдалану – өте өзекті мәселе», – деген болатын Президент.

Осы бағытта еліміздің барлық өңірінде жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтқанда, Түлкібас ауданы аумағында жеті бірдей табиғи бұлақ бастау алып, Арыс өзеніне құяды. Солардың ішіндегі ең ірілерінің бірі – Шақпақ баба ауылынан бастау алатын «Ақтас бұлағы». Бұл – табиғи жолмен қалыптасқан, суы мөлдір әрі сапалы таза ауызсу көзі.

Аталған мәселені жан-жақты зерделеу мақсатында Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев Шақпақ ауылдық округіне арнайы іссапармен барып, елді мекен тұрғындары пайдаланып отырған ауызсу көзінің қазіргі жағдайымен танысты. Зерделеу барысында бұлақ суының сапасы талапқа сай екені, алайда табиғи бастауды сақтау мен қорғау бағытында бірқатар жұмыстар жүргізу қажеттігі анықталды.

Осыған байланысты аудан әкімі бұлақ бастауын қамыс пен арам шөптерден тазалау, аумағын қоршау, сондай-ақ қауіпсіздік пен бақылауды күшейту мақсатында бейнебақылау камераларын орнату жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді. Бұл шаралар табиғи су көзін ластанудан сақтап қана қоймай, тұрғындардың таза ауызсуға деген қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, бастаудың айналасын тұрмыстық қалдықтардан тазалау, санитарлық талаптарға сай абаттандыру жұмыстары да назарға алынды. Жауапты сала өкілдеріне аталған тапсырмаларды қысқа мерзімде орындау міндеттелді. Аталған жұмыстар жақын күндері басталып, «Ақтас бұлағы» табиғи су көзі толықтай бақылауға алынатын болады.

Су көздерін сақтау – келешек ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік. Сондықтан, Түлкібас ауданында жүзеге асырылып жатқан бұл жұмыстар халықтың тұрмыс сапасын арттырумен қатар, табиғи байлыққа деген жанашыр көзқарасты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз.

Previous Post

Ел болашағы – цифрландыру мен әділетті қоғамда

Next Post

Биыл Түркістан қаласында 100-ге жуық азық-түлік жәрмеңкесі өткізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz