gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданында 58 шақырым арық-атыз және 133 шақырым ирригациялық жүйелердің арналары қоқыстан тазартылды

12 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданында 58 шақырым арық-атыз және 133 шақырым ирригациялық жүйелердің арналары қоқыстан тазартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасының маңызын әрдайым ерекше атап келеді. Президент бұл бастаманы кезекті бір науқан немесе уақытша шара емес, ұлттық идеологияның ажырамас бөлігі, қоғам санасын жаңғыртуға бағытталған ұзақ мерзімді құндылық ретінде қарастырады. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзінде де осы ұстанымын нақтылай түсті.

Президент көтерген бұл идея бүгінде өңірлерде нақты істер арқылы жүзеге асуда. Айталық, Келес ауданында аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасы негізінде өткен жылы аудан аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету, инфрақұрылымды жаңғырту және елді мекендердің көркін арттыру бағытында ауқымды абаттандыру шаралары жүргізілді. Бұл жұмыстар «Таза Қазақстан» акциясының мазмұнын нақты іспен толықтырып, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Жыл қорытындысы бойынша аудан аумағындағы республикалық және облыстық маңызы бар жолдармен қатар 512 ішкі көше тазаланып, ретке келтірілді. Тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында 37 аялдама сырланып, жаңартылды. Сонымен қатар, 162 шақырым аяқ жол, 27 саябақ пен сквер, 45 спорт және шағын ойын алаңшалары тазаланып, абаттандырылды. Бұл жұмыстар елді мекендердің сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасады.

Инженерлік инфрақұрылымды күтіп ұстау бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылды. Аудан бойынша 58 шақырым арық-атыз және 133 шақырым ирригациялық жүйелердің арналары қоқыстан тазартылды. Нәтижесінде су өткізу қабілеті артып, санитарлық жағдай жақсарып, тұрғындардың тұрмыстық қолайлылығы қамтамасыз етілді. Мұндай жұмыстардың маңызы әсіресе ауылдық елді мекендер үшін жоғары екені белгілі.

Көгалдандыру – «Таза Қазақстан» бастамасының маңызды бағыттарының бірі. Осыған орай 2025 жылдың көктемгі және күзгі маусымдарында Келес ауданы бойынша 50 600 түп ағаш көшеттері отырғызылып, олардың 85 пайызы көктеп шықты. Бұл көрсеткіш жүргізілген жұмыстардың сапалы әрі жүйелі екенін аңғартады. Жасыл желектің көбеюі аудан экологиясын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы табиғи орта қалыптастыруға септігін тигізуде.

Тазалық және абаттандыру іс-шараларына тұрғындардың белсенді қатысуы да ерекше назар аударарлық. Аталған жұмыстарға 13 мыңнан астам адам және 118 арнайы техника тартылып, нәтижесінде 350 тонна қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар, тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында бақылау шаралары да күшейтілді. 2025 жылы әкімдіктер мен аудандық полиция бөлімі бірлесіп абаттандыру қағидаларын бұзған тұлғаларға қатысты 702 әкімшілік хаттама толтырып, 14,2 миллион теңге көлемінде айыппұл салды. Бұдан бөлек, ауыл және ауылдық округ әкімдіктері тарапынан Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша 187 хаттама рәсімделіп, 668 440 теңге айыппұл өндірілді. Бұл шаралар тұрғындар арасында жауапкершілікті арттырып, қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Коммуналдық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту да басты назарда. 2025 жылы облыстық бюджет есебінен қаржы бөлініп, қар күрегіш және жол тазалау қондырғыларымен жабдықталған 9 дана LOVOL тракторы, 9 дана трактор тіркемесі және 3 дана погрузчик сатып алынды. Бұл техника алдағы уақытта аудан аумағында тазалықты тұрақты қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды уақтылы күтіп ұстауға мүмкіндік береді.

Жалпы, Келес ауданында атқарылып жатқан бұл жұмыстар Мемлекет басшысы бастамашы болған «Таза Қазақстан» акциясының нақты нәтижесі екенін көрсетеді. Тазалықты сақтау, тәртіпті күшейту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жүйелі шаралар аудан тұрғындарының өмір сапасын арттырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етуде. Президент айтқандай, тазалық – күнделікті еңбектің жемісі. Осы қағиданы берік ұстанған Келес жұртшылығы «Таза Қазақстан» идеясын өмір салтына айналдырып, өркениетті қоғам құру жолында нақты қадамдар жасап келеді.

Previous Post

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің форматы өзгеріссіз қалады

Next Post

Түлкібаста қоқыс полигонын көшіру мәселесі қаралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz