gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келесте қызанақ пісті

26 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келесте қызанақ пісті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға ерекше мән беріп, өндірістік жылыжай шаруашылықтарын болашағы зор бағыттардың бірі ретінде атап өткен болатын. «Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал», – деген еді Президент.

Соңғы жылдары елімізде жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып, бұл салаға бет бұрған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатары жыл санап артып келеді. Тың технологияны тиімді пайдалану арқылы жылыжайлар ішкі нарықты отандық көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етіп, импорттық өнімдерге тәуелділікті азайтуда маңызды рөл атқаруда.

Еліміздің бірқатар өңірлерінде қалың қар түсіп, аяз күшейіп тұрған шақта, топырағы құнарлы Келес даласында қызанақ пісіп жетілді. Қыс мезгілінде көкөніс өсіру – аудан диқандарының заманауи технологияны меңгеріп, табанды еңбек етіп отырғанының нақты дәлелі.

Келес ауданында орналасқан «Мұстафа» шаруа қожалығы бүгінде 5 гектар аумақты қамтитын жылыжай кешенінде өнім өндіруде. Оның 1 гектарына израильдік жоғары өнімді «Малика» сорты егілген. Қазіргі таңда піскен қызанақтар ішкі нарыққа шығарылып, тұтынушыларға жол тартуда.

Шаруа қожалығы бір гектардан 80–90 тоннаға дейін өнім алуды жоспарлап отыр. Бұл – қысқы кезең үшін жоғары көрсеткіштердің бірі. Сонымен қатар, жылыжай кешенінде 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жергілікті тұрғындардың табыс табуына мүмкіндік беріп отыр.

Жылыжайдағы агротехникалық жұмыстарды қадағалап отырған агроном Ибраһим Қарсыбаев «Малика» сортының артықшылықтарына тоқталды. «Бұл сорт жылыжай жағдайына өте жақсы бейімделген, ерте піседі әрі тасымалдауға төзімді. Дәмдік сапасы жоғары, сақтау мерзімі де ұзақ. Қысқы кезеңде температура мен ылғалдылық тұрақты бақылауда ұсталады, барлық агротехникалық талаптар қатаң сақталады. Соның нәтижесінде сапалы әрі мол өнім алуға қол жеткізіп отырмыз», – дейді маман.

Алдағы уақытта жылыжай кешенінің қалған бөлігінде қызылша дақылын егу жоспарланған. Бұл өнім түрін көбейтіп, ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен әртараптандыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, Келес ауданының жалпы аумағы 345 мың гектардан асады. Соның 26 мың гектарына ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Аудан диқандарының тынымсыз еңбегі ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беріп қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға да зор үлес қосып отыр.

Previous Post

Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді

Next Post

Белсенді ұзақ өмір орталығы қарттарға деген қамқорлықтың кепілі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz