gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Келесте 68 су нысанын механикалық тазалаудан өткізу жоспарланып отыр

23 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Келесте 68 су нысанын механикалық тазалаудан өткізу  жоспарланып отыр
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев судың бүкіл тіршіліктің көзі ғана емес, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін үнемі айтып келеді. «Су, дұрыс пайдалана білсең – құт, ысырап етсең – жұт», – деген Президент сөзі бүгінгі таңда ерекше маңызға ие.

Қазақстан үшін су мәселесін ұлттық қауіпсіздік мәселесі деуге толық негіз бар. Сондықтан бұл сала әрдайым мемлекеттің айрықша назарында. Мемлекет басшысы 2023 жылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында суды тиімді пайдалану мәселесіне арнайы тоқталып, саланы түбегейлі реформалау қажеттігін атап өтті. Соның нәтижесінде елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылып, нақты міндеттер айқындалды. Жаңа Су кодексі қабылданып, ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Су нысандарын салу және қалпына келтіру үшін қомақты қаржы бөлініп, жүйелі жұмыстар қолға алынды.

Бұл бастамалар өңірлерде нақты істермен жалғасын табуда. Соның бір дәлелі ретінде Келес ауданында су шаруашылығы нысандарын жаңғырту бағытында атқарылып жатқан кешенді жұмыстарды айтуға болады. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тұрғындармен өткізген есептік кездесулерінде көтерілген негізгі мәселелердің бірі – егістік алқаптарды ағын сумен тұрақты қамтамасыз ету болатын. Бүгінде бұл мәселе кезең-кезеңімен өз шешімін табуда.

Аудандық коммуналдық меншіктегі ұзындығы 18 шақырымды құрайтын Саңырау, 24,5 шақырым Шошым және 7,7 шақырым Игілік каналдарын бетонмен қаптау үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтті. Аталған жобаларды «Ислам Даму» банкінің бірінші және екінші кезеңдері аясында қаржыландыру жоспарланған. Биылғы жылдың екінші жартысында Саңырау каналын бетондау жұмыстары басталмақ.

Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 127,9 шақырым болатын Тартулы, Араншы-2, Бес-Абдал, Ошақты, Оймауыт, 8-Ұлан, Жаңа-Қият, Үш-Ағаш, Теріс және Р-28 каналдарын бетонмен қаптау үшін облыстық бюджеттен 103 миллион теңге бөлінді. Қазіргі уақытта бұл жобаларға қажетті жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

2026 жылғы суғару маусымын сапалы өткізу, егістік жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсарту және су тасқынының алдын алу мақсатында жалпы ұзындығы 218,5 шақырымды құрайтын 68 су нысанын механикалық тазалау жоспарланған. Оның ішінде 41 каналдың ұзындығы 141,5 шақырымды, ал 27 каналдың ұзындығы 77 шақырымды құрайды.

Аталған жұмыстарды атқару үшін облыстық «Тұран-су» мекемесінен 4 шынжыр табанды экскаватор және аудандық су шаруашылығы мекемесінен 1 арнайы техника тартылып, барлығы 5 техника жұмылдырылды. Қазіргі таңда Біртілек және Алпамыс батыр ауылдық округтеріндегі қашыртқыларда тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Жүргізіліп жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде 6 988 гектар егістік жерге су жеткізу мүмкіндігі артып, 1 900 гектар алқаптың мелиоративтік жағдайы жақсарады. Бұл өз кезегінде Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласының дамуына серпін беріп, шаруалардың тұрақты әрі сапалы өнім алуына жол ашады.

Су ресурстарын тиімді басқару мен инфрақұрылымды жаңғырту бағытындағы бұл жұмыстар Мемлекет басшысы айқындаған стратегиялық міндеттердің жергілікті жерде нақты іске асып жатқанын көрсетеді. Су – елдің болашағы, ал оны сақтау мен тиімді пайдалану – ортақ міндет.

 

Previous Post

Биыл Бәйдібек ауданында 7 елді мекенге газ жеткізіледі

Next Post

Түркістан облысындағы шағын өндірістік парк заманауи жобалармен толығып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz