gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Биыл Бәйдібек ауданында 7 елді мекенге газ жеткізіледі

23 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Биыл Бәйдібек ауданында 7 елді мекенге газ жеткізіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елді газдандыру мәселесіне әрдайым айрықша назар аударып келеді. Мемлекет басшысы бұл саланың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын атап өтіп, газ инфрақұрылымын дамыту халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей әсер ететінін бірнеше рет айтқан болатын. «Газ саласы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын иеленіп отыр», – деген Президент сөзі бүгінде өңірлерде жүзеге асып жатқан нақты жобалар арқылы айқын көрініс табуда.

Ауылдағы өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында газдандыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүйелі түрде жүргізілуде. Осы бағыттағы игілікті істің бірі Бәйдібек ауданында жүзеге асты.

Жақында Бәйдібек ауданы Боралдай ауылдық округіне қарасты Ақжар елді мекеніне табиғи газ беріліп, тұрғындар үшін көптен күткен қуанышты сәт орын алды. Табиғи газдың қосылуы ауыл халқының тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, әлеуметтік жағдайды жақсартуға, экологиялық ахуалды оңалтуға және кәсіпкерлікті дамытуға да кең мүмкіндік береді.

Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрпеис Ақбаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын маңызды оқиғамен құттықтады. Ол өз сөзінде бұл жоба Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатының нақты нәтижесі екенін атап өтті.

Салтанатты жиынға аудан әкімдігінің өкілдері, ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар, жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме өкілдері және «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамының Түркістан өңірлік филиалының мамандары қатысып, тұрғындарға ізгі тілектерін жеткізді.

Аталған жобаны «KazBuildCo» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырды. Ақжар елді мекеніне тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайды. Жобаның нәтижесінде Бәйдібек ауданындағы 50 елді мекеннің 40-ы, яғни 80 пайызы табиғи газбен қамтылып отыр. Ал, аудан халқының 48 221 тұрғынының 43 973-і немесе 91,2 пайызы бүгінде көгілдір отынның игілігін көруде.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан аумағындағы тағы 7 елді мекенде – Қаратас, Тұрақты, Алмалы, Қошқарата, Кеңсай, Ақтас және Шұқыршақ ауылдарында газдандыру құрылысы жүргізілуде. Бұл жобалар толық іске асқан жағдайда, Бәйдібек ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылатын болады. Бұл көрсеткіш аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, әлеуметтік нысандардың тұрақты жұмыс істеуіне, отын шығынын азайтуға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге зор үлес қосады.

Previous Post

Шардарада су нысандарын дамыту бойынша халықаралық тәжірибе зерттелді

Next Post

Биыл Келесте 68 су нысанын механикалық тазалаудан өткізу жоспарланып отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz