gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардарада су нысандарын дамыту бойынша халықаралық тәжірибе зерттелді

21 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шардарада су нысандарын дамыту бойынша халықаралық тәжірибе зерттелді
Share on FacebookShare on Twitter

Шардара ауданында су нысандарын дамыту және сумен қамту жүйесін жетілдіру бағытында халықаралық тәжірибені зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта Израиль мемлекетінен су саласының білікті мамандары және Шымкент қаласындағы «Су ресурстары – Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Шардара қаласына іссапармен келді.

Сапар барысында шетелдік және отандық мамандар Шардара қаласының қолданыстағы бас су торабының жұмыс барысымен танысып, оның техникалық мүмкіндіктері мен қазіргі жай-күйіне баға берді. Сонымен қатар, Шардара топтық су құбырының құрылыс нысандарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен жобаның жүзеге асу барысын көрді.

Кездесу барысында су нысандарын жобалау және пайдалану кезінде шетелдік озық тәжірибелерді қолдану мәселелері жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, су ресурстарын тиімді басқару, су шығынын азайту, заманауи автоматтандырылған жүйелерді енгізу, су сапасын тұрақты бақылау және энергия үнемдеу технологияларын қолдану бағытында өзара пікір алмасу жүргізілді. Израильдік мамандар су тапшылығы жағдайында қолданылып жүрген тиімді шешімдермен бөлісіп, оларды жергілікті ерекшеліктерге бейімдеу жолдарын ұсынды.

Мұндай тәжірибе алмасулар Шардара ауданы үшін аса маңызды. Себебі аудан тұрғындарын сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету – әлеуметтік маңызы жоғары міндеттердің бірі. Халықаралық тәжірибені енгізу арқылы сумен қамту жүйесінің сенімділігі артып, инфрақұрылымның тиімділігі жақсара түседі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев суды стратегиялық маңызды ресурс ретінде атап, оны сақтау, тиімді пайдалану және әділ бөлу – еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты шарты екенін жиі айтады. Президенттің айтуынша, су нысандарын жаңғырту және халықаралық тәжірибені енгізу арқылы тұрғындарды сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге болады, бұл өз кезегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін береді.

Жалпы, бұл іссапар су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалардың сапасын арттыруға негіз болмақ. Алдағы кезеңде де халықаралық тәжірибені қолдана отырып, Шардара өңірінде су нысандарын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Previous Post

Келес ауданында тазалық жұмыстары бір реттік шаралармен шектелмей, жүйелі түрде жүргізіліп келеді

Next Post

Биыл Бәйдібек ауданында 7 елді мекенге газ жеткізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz