gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде

8 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтардың өмір сапасы тұрғын үй мәселесінің шешілуімен тікелей байланысты екенін үнемі айтып келеді. Президенттің айтуынша, тұрғын үй құрылысы Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Бұл ұстаным Мемлекет басшысының «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында да айқын көрініс тапты.

Президент сұхбат барысында мемлекет тұрғын үй құрылысы саласын одан әрі дамытып, баспананы халық үшін барынша қолжетімді етуге бағытталған шаралар қабылдайтынын айтты. Кезекте тұрған азаматтарды жалға берілетін тұрғын үйлермен қамтамасыз ету жұмысы жалғасып, 2029 жылға дейін жыл сайын 10 мың адам осындай баспанаға ие болады деп жоспарланған. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Отбасы банкі» баспанаға мұқтаж азаматтарды «бір терезе» қағидаты бойынша есепке алу мен оларға тұрғын үй бөлумен айналысатын толыққанды даму институтына айналатынын атап өтті.

Президент айқындаған осы міндеттер өңірлерде, соның ішінде Түркістан қаласында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінде Түркістанда тұрғын үй құрылысын дамыту, халықты баспанамен қамту және көпқабатты тұрғын үйлердің сапалы әрі уақытылы салынуын қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы мақсатта қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен қала аумағында жүзеге асырылып жатқан тұрғын үй жобаларының қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспарларын талқылауға арналған арнайы жиын өтті.

Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, құрылыс саласына жауапты басқармалар, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдері қатысып, құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дәурен Мәуленов, тұрғын үй бөлімі мен тұрғын үй инспекциясының басшысы Талғат Үсенбаев атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Кездесу барысында тұрғын үй құрылысының барысы, мерзімі, сапасы және кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын барысында Отырар шағын ауданында жүзеге асырылып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы туралы мәлімет берілді. Аталған аумақта 5 қабатты 20 тұрғын үй салынып жатыр. Жалпы 800 пәтер пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде 200-і бір бөлмелі, 200-і екі бөлмелі, 400-і үш бөлмелі пәтерлер. Қазіргі таңда 15 тұрғын үйдің құжаттары толық аяқталып, тұрғын үй қатынастары бөліміне өткізілген. Бұл пәтерлер кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталады.

Сонымен қатар, «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде 6 тұрғын үйдегі 512 пәтер арендалық бағытта пайдалануға берілмек. Ал, қалған 4 тұрғын үйдегі 432 пәтер «Отбасы банк» арқылы ипотекалық кредиттік бағдарламалар аясында тұрғындарға ұсынылады. Бұл тұрғын үйге қолжетімділіктің бірнеше тетігін қатар іске асыруға мүмкіндік беріп отыр.

Мәжілісте 22 тұрғын үй кешенінде жүзеге асырылып жатқан кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы да талқыланды. Қазіргі таңда бұл кешендерде ішкі әрлеу жұмыстары 80 пайызға, қасбет жұмыстары 75 пайызға, шатыр жабу жұмыстары 80 пайызға орындалған. Жалпы аталған кешенде 880 пәтер қарастырылған. Сонымен қатар, қала аумағында 7 қабатты 14 тұрғын үйден тұратын тағы бір кредиттік тұрғын үй жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағытта 588 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда.

Жиын барысында Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың санаттары мен статистикасы да сөз болды. Қазіргі таңда қалада 25 мыңнан астам азамат тұрғын үй кезегінде тіркелген. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы әлеуметтік санаттағы азаматтардың құжаттандыру үдерістерін жеделдетуді, тұрғын үйлерді белгіленген мерзімде және сапалы түрде пайдалануға беруді жауапты сала басшыларына нақты тапсырды.

Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді. Жаңа тұрғын үйлердің салынуы халықтың тұрмыс сапасын арттырып қана қоймай, құрылыс саласының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және қаланың инфрақұрылымының кеңеюіне серпін беруде.

Previous Post

Түлкібас ауданындағы су қоймаларының жай-күйі қаралды

Next Post

Экспортқа бағдарланған өндіріс: Мәжіліс депутаттары Түркістан облысындағы ірі кәсіпорынға барды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz