gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданында жыл соңына дейін 21 жоба іске қосылады

6 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрам ауданында жыл соңына дейін 21 жоба іске қосылады
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы Жолдауында өңірлерді индустриялық дамыту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға ерекше назар аудару тапсырылды. Осы бағытта Сайрам ауданында биыл 43,9 млрд теңгеге 21 жоба жүзеге асырылып, 1 232 адам жұмыспен қамтылмақ. Аудан әкімі Мадияр Оразалиевтің айтуынша, қазіргі таңда «Kuzov Karabulak» ЖШС-ң құрылыс жұмыстары 95%-ға аяқталған. Жаңа автобөлшектер шығаратын кәсіпорын 500 адамға жұмыс береді.
– Ауданның өндірістік әлеуетін дамыту мақсатында 2025 жылы жалпы құны 30,3 млрд теңгені құрайтын 16 инвестициялық жоба іске асырылды. Нәтижесінде 570 адам жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда, өткен жылы «KAZ ECO MEAT» ЖШС-ң заманауи ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды. Онда жылына 5 мың бас ірі қара мал бордақыланып, 10 000 тонна ет өңделеді. Бұдан бөлек, «МЕAT MAGNAT» өндірістік кооперативі 10 000 басқа арналған заманауи мал бордақылау алаңы мен мал қалдықтарын өңдейтін цехты былтыр желтоқсан айында іске қосты. Ал, 2026 жылы «FATIMA MEAT MAGNATE» шаруа қожалығы 10 000 бас уақ мал бордақылауға арналған мал қора кешені мен мал сою алаңы және «BEK-AGRO. KZ» шаруа қожалағының 5 000 бас ірі қара мал бордақылауға арналған мал қора кешені іске қосылады. Бұл жұмыстар ауданның ет экспорттау саласындағы әлеуетін одан сайын нығайта түсуге септігін тигізбек. Айта кетейік, Сайрам ауданы бұл сала бойынша Республикада көш бастап тұр, – деді Мадияр Мұхтарұлы.
Сонымен қатар аудандағы жалпы өңірлік өнім көлемі 2025 жылдың қорытындысымен 418,7 млрд теңгеге жетіп, өсім 31,2%-ды құраған. Ал, биыл бұл көрсеткішті 467 млрд теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығында өткен жылы 158,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, салаға 8,9 млрд теңге инвестиция тартылған. Биыл саладағы өнім көлемін 166,3 млрд теңгеге жеткізу көзделген. Ауданда өнеркәсіп саласында да оң өзгерістер орын алған. Атап айтқанда, 86,3 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, өнімнің 78%-ы өңдеу өнеркәсібі саласына тиесілі. Биыл саладағы өнім көлемін 96,6 млрд теңгеге жеткізу жоспарланған. Аймақта былтыр 181,8 млрд теңге инвестиция тартылып, өсім 2 есеге жеткен.
Өңірдегі инфрақұрылым саласында да оң өзгерістер жетерлік. Атап айтар болсақ, ауданға қарасты 42 елді мекен 100% ауыз сумен қамтылған. Сондай-ақ, тозығы жеткен электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Ал, өңірдің табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 92,8%-ды құраса, асфальтталған жолдардың үлесі 79%-ға жеткен. Сайрам ауданында тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында жаңа мөлтек ауданның құрылысы басталған. Қазіргі таңда Қарасу ауылында 57 гектар аумақта көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр. Жобаға сәйкес онда 5 қабатты 47 тұрғын үй, ауыл әкімшілігі ғимараты, әлеуметтік нысандар салынады.
Previous Post

Президент тапсырмасымен Сарыағашта 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысы басталды

Next Post

2025 жылы Түркістан облысында 148 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz