gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

2025 жылы Түркістан облысында 148 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды

6 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
2025 жылы Түркістан облысында 148 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты әлеуметтік қолдауды күшейту тапсырылған. Осы бағытта Түркістан облысында 2025 жылы жүйелі жұмыстар жүргізіліп, халықты жұмыспен қамту бойынша маңызды нәтижелерге қол жеткізілді.

III тоқсанның қорытындысымен облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға жетіп, орташа айлық жалақы 288,6 мың теңгеге өсті. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,3%-ға көп.

Өткен жылы өңірде ауқымды жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылды. Аталған бастамалар аясында 130 769 адамды еңбекпен қамту бағдарламаларына тарту жоспарланып, нақты шаралар қабылданды. Оның ішінде 45 086 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру, 57 221 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделіп, өңірдегі жұмыс орындарының санын арттыруға басымдық берілді. Бұдан бөлек, «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын ашу» бағдарламасы аясында 22 595 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасалды. Сондай-ақ 1 793 азаматқа грант беру арқылы өз ісін бастауға қолдау көрсету, 4 074 адамды электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастыру межесі қойылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл қорытындысымен 147 719 адам жұмыспен қамтылып, еңбек нарығындағы белсенділік артты. Оның ішінде 48 032 азамат мемлекеттік жұмыспен қамту шараларына қатысса, ал 99 687 адам жаңа жұмыс орындарын жұмысқа орналасты. Бұл көрсеткіштер өңір экономикасының дамуы мен жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған шаралардың тиімділігін көрсетеді.
Әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарды қорғау мақсатында 2026 жылдың 1 қаңтарына 10 мың отбасына, яғни 62,2 мың адамға жалпы сомасы 6 062,4 млн теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 34,4 пайызға төмендеді. Бұл көрсеткіш халықтың табысының артып, өзін-өзі жұмыспен қамту деңгейінің жақсарғанын көрсетеді.
Бұл шаралар өңірдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған.
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтар айындағы дерек бойынша облыс халқының саны 2 148,6 мың адамды құрады. Оның ішінде қала халқы – 545,3 мың адам немесе 25,4 пайызды, ал ауыл халқы – 1 603,4 мың адам немесе 74,6 пайызды құрайды. Өңір халқының басым бөлігінің ауылдық жерлерде тұрғандықтан, ауылдық аумақтарды дамытуға басымдық берілуде.
Previous Post

Сайрам ауданында жыл соңына дейін 21 жоба іске қосылады

Next Post

Мақтааралда құрылыс саласы қарқынды дамуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz