gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысы – қысқа мерзімді экономикалық өсім бойынша үздік үштік қатарында

6 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысы – қысқа мерзімді экономикалық өсім бойынша үздік үштік қатарында
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардың жұмысын бағалау үшін арнайы индикаторлар бекітіліп, рейтинг әзірленген. Осы арқылы экономикалық көрсеткішті жақсартып, жұмыс тиімділігін арттыру көзделген. Түркістан облысы әкімінің аппараты ғимаратында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен кезекті рет әкімдіктің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, аудан-қала әкімдері, басқарма басшылары мен жауапты сала жетекшілері қатысты.
Алқа отырысында 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері қаралды. Өңір басшысы өткен жылы облыс экономикасында оң динамика сақталғанын атап өтті. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 113,9 пайызды құрап, Түркістан облысы республика бойынша үшінші орынға тұрақтады. Ауыл шаруашылығы саласында өнім көлемі 1226 млрд теңгені құрап, өсім 100,6 пайыз деңгейінде қалыптасты. 2025 жылы қуаңшылық пен жауын-шашынның аз болуы әсер етпегенде көрсеткіш бұдан да жоғары болатын еді. Дегенмен республика көлемінде өндірілген ауыл шаруашылығы өнімі бойынша облыс бірінші орында тұр.
Кеңейтілген алқа отырысында аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың қызметтік тиімділігі жан-жақты бағаланды. Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Гүлфари Әжіметованың айтуынша, бағалау жүйесі 9 блоктан және 97 индикатордан тұрады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қызметтік тиімділік рейтингінің көш басында Сауран, Жетісай және Созақ аудандары тұр. Ал соңғы орындарында Бәйдібек ауданы, Кентау және Арыс қалалары жайғасты. Облыс әкімі бұл аумақтарда бекітілген көрсеткіштерге қол жеткізілмеуі тиісті жұмыстардың жеткілікті деңгейде жүргізілмегенін көрсететінін атап өтіп, аталған аудан және қала әкімдерінің есептерін тыңдады.
– Аудан, қала әкімдері және басқарма басшылары орындаушылық тәртіпті тікелей жеке бақылауларына алып, халықпен тығыз кері байланыс орнатуға тиіс. Бүгін әкімдіктің кеңейтілген алқа отырысында облыстың әлеуметтік — экономикалық дамуына әсер ететін өзекті мәселер талқыланды. Жыл басынан бері бекітілген индикаторларға қол жеткізбеген аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардың 25 лауазымды тұлғасына тәртіптік шара көрілді. Мақсат – шара көру емес, бекітілген межеге қол жеткізу. Сондықтан, орынбасарларыма аудан, қала әкімдері мен облыстық басқарма басшылары әрбір индикатордың толық орындалуын қамтамасыз ету бойынша нақты шараларды мерзімінде қабылдауды тапсырамын. Көш соңындағы үш аудан, қала мен басқарма басшыларына тәртіптік шара қаралады. 2026 жылға бекітілген индикаторлар мен тапсырмаларды сапалы орындау үшін жұмысты күшейтіңіздер. Мақсат – өңірдің экономикалық әлеуетін көтеру, өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту және барлық салада жоғары нәтижеге қол жеткізу – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.
Жиын барысында елімізде басталған Конституциялық реформа мәселесі де қозғалды. Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға және әділетті, ашық әрі құқықтық мемлекет қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.
Алқа отырысын қорытындылаған облыс әкімі Нұралхан Көшеров орынбасарларына, аудан-қала әкімдері мен басқарма басшыларына әрбір бекітілген индикатордың орындалуын жеке бақылауға алып, нақты нәтижеге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізуді тапсырды.
Previous Post

Келес ауданындағы шекаралық ауылдарда тұрмыс сапасы жетілдірілуде

Next Post

Президент тапсырмасымен Сарыағашта 300 төсек-орындық заманауи көпбейінді аурухана құрылысы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz