gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданындағы шекаралық ауылдарда тұрмыс сапасы жетілдірілуде

5 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданындағы шекаралық ауылдарда тұрмыс сапасы жетілдірілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Келес ауданындағы шекаралық елді мекендерде инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Сапалы электрмен және ауыз сумен қамту, жол және жарық инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жобалар ауыл тұрғындары үшін маңызды әрі қажетті болып отыр.

Алпамыс батыр ауылдық округіне қарасты Ақжол және Қауыншы елді мекендерінде электр желілерін жаңарту және кеңейту жұмыстары қолға алынды. Атап айтқанда, Ақжол ауылындағы Қазақстан, Жаңақұрылыс көшелері мен Қауыншы елді мекеніндегі Көктіңұлы, Қажымұқан, Мұсабек батыр, Мұғалімдер, Қазыбек би, Б.Майлин көшелеріне жаңа электр желілері тартылып, бағаналар орнатылып, трансформаторлар қойылуда. Қауыншы елді мекеніндегі бірқатар көшелерде электр желілері мен бағаналарын орнату жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жоба толық аяқталған соң екі елді мекен сапалы және тұрақты электр қуатымен толық қамтылатын болады.

Сонымен қатар, ауыз су инфрақұрылымы толық жаңартылып, тұрғын үйлер сапалы сумен қамтамасыз етілді. Ауыл көшелеріне түнгі жарық шамдар орнатылып, үш шақырымдық аймақ түнгі жарықпен қамтамасыз етілді. Бұл шара тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Жол инфрақұрылымы да назардан тыс қалмай, 33,85 шақырымдық жолдың 21,37 шақырымы асфальтталып, тұрғындардың қатынасы жеңілдетілді. Ақжол мен Қауыншы елді мекендерінде көшелерді жөндеу және тас шағал төсеу жұмыстары жүргізіліп, көлік қатынасы үшін маңызды бағыттар жаңартылды.

Келес ауданында шекаралық ауылдарды дамыту бағытындағы атқарылып жатқан бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға, инфрақұрылымның сапасын жетілдіруге және ауылдық елді мекендердің тұрақты дамуына серпін береді.

Previous Post

Түркістан облысында жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 1667,0 мың теңгеге жетті

Next Post

Түркістан облысы – қысқа мерзімді экономикалық өсім бойынша үздік үштік қатарында

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz