gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында өткен жылы 36 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

5 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында өткен жылы 36 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және сапалы медициналық қызметті қолжетімді ету міндеттері айқын көрсетілген. Осы бағытта Түркістан облысында денсаулық сақтау саласын дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен өткен алқа отырысында 2025 жылдың қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған басым бағыттар талқыланды.

– Басты қазынамыз – адам өмірі. Мемлекет бюджетін медицина сапасын жетілдіруге, қызмет сапасын арттыруға және жаңа технологиялар енгізуге тиімді пайдаланыңыздар. Жекеменшік секторлардағы медициналық мекемелерге де талап күшейтіледі, – деді Қанат Қайыпбек.

Ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында өңірде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысында 3 деңгейлі перинаталдық көмек көрсетіледі. Бүгінде 22 босандыру ұйымының кадрлық қамтамасыз етілуі 95%, жабдықталу деңгейі 80,7%-ға жеткен. «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 780 сәби дүниеге келді, оның ішінде егіздер мен үшемдер бар. Сондай-ақ 8 балаларды оңалту орталығы жұмыс істеп, Түркістан қалалық балалар ауруханасы жанынан жаңа Балалар оңалту орталығы ашылды.

2025 жылы облыста 36 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді: балаларды оңалту орталығы, 8 дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт және 22 медициналық пункт. Ал 2026 жылы тағы 20 медициналық нысанның құрылысы жоспарланған. Сонымен қатар Сарыағаш қаласында 300 төсек-орындық көпбейінді аурухана, Ордабасы ауданында 200 орындық перинаталдық орталық, Түркістан қаласында Ана мен бала орталығы мен 570 төсек-орындық көпбейінді аурухана құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында 2025 жылы 2 560 дана заманауи медициналық құрал-жабдық, соның ішінде МРТ, КТ, маммографиялық жүйелер мен бейнеэндоскопиялық кешендер енгізілді. Жедел медициналық көмектің сапасын арттыру үшін 60 реанимобиль және 2 неонаталдық жедел жәрдем көлігі пайдалануға берілді. Мектеп медицинасын дамыту аясында 348 дефибриллятор мен стоматологиялық қондырғылар білім беру ұйымдарына жеткізілді.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев денсаулық саласындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатынын және тапсырмалардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын айтты.

Previous Post

Ордабасы ауданында 200 орындық жаңа перинаталдық орталық салынады

Next Post

Түркістан облысында жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 1667,0 мың теңгеге жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz