gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданында 200 орындық жаңа перинаталдық орталық салынады

5 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасы ауданында 200 орындық жаңа перинаталдық орталық салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсарту тапсырылған. Осы мақсатта Түркістан облысында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Сол бағытта Ордабасы ауданының Темірлан ауылында 200 орындық перинаталдық орталық құрылысы басталды. Шараға облыс әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, нысанның уақыт капсуласын салды және құрылыс барысымен танысты.

– Бүгін Ордабасы жерінде жаңа медициналық нысанның құрылысын бастадық. Бұл орталық тек Ордабасы ғана емес, Бәйдібек, Сайрам, Түлкібас аудандары мен Арыс қаласының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Енді олар облыс орталығына сабылмай, Темірланда заманауи ем қабылдай алады. Перинаталдық орталық жүкті әйелдер мен нәрестелерге жоғары сапалы медициналық көмек көрсетеді және демографияны жақсартуға зор үлес қосады, – деді Нұралхан Көшеров.

Жобаны мердігер – «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС жүзеге асырады. Перинаталдық орталық 200 орынға есептелген, ғимараттың жалпы алаңы 34 233,3 м², құрылыс ауданы 12 009,7 м². Құрылыс жүргізілетін жер телімінің аумағы – 8 гектар. Жаңа орталық облыстық деңгейде ана мен бала денсаулығын қорғауға, заманауи медициналық көмек көрсетуге бағытталған.

Previous Post

Сауран ауданында газбен қамту мәселелері мен алдағы жоспарлар талқыланды

Next Post

Түркістан облысында өткен жылы 36 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz