gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар өткізілді

6 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар өткізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Дүниежүзілік сайлау күні — демократиялық құндылықтарды дәріптеп, сайлау жүйесінің маңызын кеңінен түсіндіруге арналған халықаралық деңгейдегі маңызды дата. Осыған орай, Түркістан облысында  «Дүниежүзілік сайлау күніне» арналған жоспарлы іс-шаралар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының бастамасымен аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссияларының қатысуымен, білім беру және басқа ұйымдарымен өзара ынтымақтастық аясында  өңірімізде бірқатар мазмұнды кездесулер, түсіндіру жұмыстары, жастармен диалог алаңдары, танымдық және ақпараттық-түсіндіру шаралары, сұхбаттар, диалогтар мен дебаттар өткізілді.

Аудан, қала аумағында 50-ден аса  баннерлер мен LED экрандарға  ақпараттық материалдар орналастырылды. орналастырылды.

Іс-шараларды ұйымдастыру барысында Заң үстемдігі, Тәуелсіздік, Ашықтық, Инклюзивтілік, Кәсібилік және алқалылық қағидаттары қатаң сақталды.

Жоспар аясында 1000 -нан аса іс-шаралар ұйымдастырылып, 45 мыңнан аса қатысушылар қамталды. Қатысушылардың 75 пайызы жастар өкілдері  құрады.

Аталған шаралардың барлығы азаматтардың, әсіресе жас сайлаушылардың сайлау процесіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Жастардың белсенді қатысуы — өткізілген іс-шаралардың басты нәтижелерінің бірі. «Жас сайлаушылар клубы» арқылы жастар сайлау құқығы, азаматтық жауапкершілік және саналы таңдау жасау жөнінде нақты ақпарат алып, өз ойларын ашық білдіруге мүмкіндік алды.

Бұл — болашақта әділ әрі ашық сайлаудың берік негізі.

Өткізілген іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сайлау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдағы сенімді нығайтуға өз үлесін қосты деп сеніммен айтуға болады.

Осы орайда, бірқатар іс-шараларды атап өтетін болсақ, университет студенттеріне «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының негізгі талаптарын түсіндіруге бағытталған жұмыстар жүргізіліп, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттерін, сайлауға қатысу тәртібін және заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселелерін түсіндіру мақсатында Түркістан қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде профессор-оқытушылар құрамы, белсенді студенттер мен жастар ұйымдары мүшелерінің қатысуымен жиын; Сайрам аудандық аумақтықсайлау комиссиясының бастамасымен жас сайлаушыларға сайлау процесі туралы түсінік қалыптастыру және жас сайлаушылар клубына жаңа мүшелер қабылдау мақсатында клуб мүшелерінің аудан жастарымен кездесуі, Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен студент жастар арасында сайлау заңнамасының негізгі талаптарын түсіндіру мақсатында сайлау учаскелері мүшелерінің қатысуымен Мақтаарал колледжінде пікірсайыс түрінде жалғасын тапты.

Осы орайда, Дүниежүзілік сайлау күнін жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан аудандық, қалалық және учаскелік аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне, белсенді жастарға және барлық серіктес ұйымдарға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Алдағы уақытта да сайлау жүйесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын таба береді.

 

Previous Post

Мақтааралда құрылыс саласы қарқынды дамуда

Next Post

Кентау қаласында ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz