gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібаста экология мен көшпелі мәдениет үйлесім тапқан ірі жоба іске асады

9 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түлкібаста экология мен көшпелі мәдениет үйлесім тапқан ірі жоба іске асады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түлкібас ауданында әлемдік деңгейдегі экологиялық-этнографиялық демалыс аймағын құруға бағытталған ауқымды мега жоба бойынша шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізді. Маңызды бастама биылдан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдауға ие болмақ.

Жобаның негізгі тұжырымдамасы – «Орталық Азияның жүрегі, әлемге ашылған терезе». Бұл идея Түлкібасты тек ішкі туризмнің ғана емес, Орталық Азия мен халықаралық кеңістікті байланыстыратын ірі мәдени-туристік орталыққа айналдыруды көздейді.

Түлкібас ауданы – табиғи келбеті бұзылмаған жазық даласы, көркем шатқалдары мен құнарлы алқаптары бар бірегей өңір. Жылдың төрт мезгілінде де ерекше сұлулығымен көз тартатын аймақтың басты артықшылығы – қазақтың көшпелі мәдениетінің табиғи болмысының бүгінгі күнге дейін сақталуы. Киіз үй мәдениеті, атбегілік дәстүр, ұлттық тағамдар, ат ойындары, халық әні мен күйі – халқымыздың баға жетпес рухани мұрасы ретінде туристік өнімнің өзегіне айналмақ.

Мега жоба аясында Қазақстанда алғаш рет цифрлық мәдени-туризм платформасын іске қосу жоспарланып отыр. Экологиялық туризм, мәдени тәжірибе және сауықтыру демалысы үйлескен әлемдік деңгейдегі туристік дестинация қалыптасып, Түлкібас өңірі еліміздің жаңа мәдени-туризм бренді ретінде танылады. Барлық құрылыс және жоспарлау жұмыстары халықаралық стандарттарға сай жүргізіліп, экологиялық талаптар қатаң сақталатын болады. Қызмет көрсету сапасы мен басқару жүйесі де кәсіби деңгейде ұйымдастырылады.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жобаның өңір үшін стратегиялық маңызын ерекше атап өтті.

– Түлкібас – табиғаты көркем, мәдениеті терең, даму әлеуеті жоғары өңір. Бұл жоба арқылы біз табиғатты сақтай отырып, экономиканы дамытуға, жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруға және қазақтың көшпелі мәдениетін халықаралық деңгейде кеңінен танытуға мүмкіндік аламыз. Ең бастысы – жоба жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің ұзақ мерзімді дамуына серпін береді, – деді өңір басшысы.

Жобаның негізгі бағыттары ауыл шаруашылығы, мәдениет, туризм және сауықтыру салаларын өзара ықпалдастыруға негізделген. Сонымен қатар жергілікті тұрғындарды оқыту және жұмыспен қамту, халық табысын арттыратын көпарналы экономикалық модель қалыптастыру көзделіп отыр.

Жоспарға сәйкес, жоба аумағында қонақүйлер, гастрономиялық нысандар, сауда-ойын-сауық кластері, гүл аңғары, шаңғы және шөптен сырғанау аймақтары, жұлдызды шатырлар, ипподром мен ұлттық ат ойындары кешендері бой көтереді. Бұдан бөлек, ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарын өндіретін шеберханалар мен шағын өндіріс орындары ашылады.

Жобаның түпкі мақсаты – Түлкібасты экологиясы сақталған, экономикасы тұрақты, мәдениеті бай әрі халқының тұрмыс деңгейі жоғары өңірге айналдыру. Нәтижесінде өңірде өмір сапасы жақсарып, кәсіпкерлік белсенділік артып, жаңа инвестициялық және әлеуметтік мүмкіндіктерге жол ашылмақ.

Previous Post

Мұқағали Мақатаев – 95 жыл!

Next Post

«Дәстүрімізді дәріптеу, дініміздегі ізгі құндылықтарды ұстану – ұлт ретінде сақталуымыздың басты кепілі»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz