gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтаарал ауданында екі елді мекен табиғи газға қосылды

10 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мақтаарал ауданында екі елді мекен табиғи газға қосылды
Share on FacebookShare on Twitter
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдарды дамыту, елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту жөнінде тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Соның нәтижесінде Мақтаарал ауданында елді мекендерді табиғи газбен қамту бағытындағы жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. Еңбекші ауылдық округіне қарасты Шұғыла мен Нұрлытаң ауылдарына табиғи газ берілді. Бұл – аудан тұрғындары үшін көптен күткен қуанышты жаңалық. Екі елдімекен Мақтаарал ауданындағы 68 елді мекеннің ішінде табиғи газға қосылған 66- және 67- ауылдар болып отыр.
Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков, ауданның тұрғын үй шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғабит Полатов, газбен қамтамасыз етуші мекеменің өкілдері, сондай-ақ төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары арнайы барып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.
Салтанатты рәсім барысында аудан әкімінің орынбасары бұл жобаның ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырудағы маңызын атап өтіп, мемлекет тарапынан инженерлік-инфрақұрылымдық жобаларға ерекше көңіл бөлініп отырғанын жеткізді. Оның айтуынша, Еңбекші ауылдық округіндегі Т.Жайлыбаев елді мекені де алдағы уақытта табиғи газға қосылса, Мақтаарал ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылған ауданға айналады.
Ауыл тұрғындары көптен күткен қуаныштың куәсі болып, игі істі жүзеге асыруға атсалысқан азаматтарға алғыстарын білдірді. Табиғи газдың келуі тұрғындардың тұрмысын жеңілдетіп қана қоймай, экологиялық жағдайды жақсартып, қауіпсіз әрі үнемді отын көзіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар шара барысында газ қызметінің мамандары мен төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері ауыл тұрғындарына газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нақты кеңестер берді.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданында табиғи газбен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Previous Post

Кентауда ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктермен кездесу өтті

Next Post

Экстремизмнің алдын алу: тәрбие мен түсіндірудің маңызы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz