gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктермен кездесу өтті

10 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктермен кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында этносаралық қатынастарды дамыту, қоғамдық келісімді нығайту және жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қазақ­стан халқы Ассамблеясы (ҚХА) құрылымдары мен этномәдени бірлестік жетекшілерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Шараға қала әкімінің орынбасары Бауыржан Әбенұлы төрағалық жасап, ашық пікір алмасу форматында өтті.

Кездесуді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы Қоғамдық келісім КММ-нің Кентау қалалық филиалының басшысы Б.Әшірбаев жүргізіп отырды. Сондай-ақ жиынға Кентау қаласы прокуратурасының прокуроры О.Жорабеков, қалалық полиция бөлімі бастығының кадр жөніндегі орынбасары С.Апашов, ҚХА жанындағы Ақсақалдар мен Аналар кеңестерінің белсенді мүшелері, қалалық білім бөлімінің бас мамандары және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Күн тәртібінде келесі маңызды мәселелер қаралды. Бііріншісі, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту – Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдардағы ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жылдық жұмыс жоспарларын бекіту, жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын үйлестіру болса, екіншісі «Жаңа Конституция – әділетті қоғамға жол» – жаңа Конституцияның ашықтыққа, жауапкершілікке және әділетті болашаққа бағытталған маңызды қадам екендігі түсіндіру.

Кездесу барысында қатысушыларға Кентау қаласы мен ауылдардағы қоғамдық келісімді нығайту бағытында атқарылып жатқан ақпараттық-насихаттық жұмыстар мен кездесулердің нәтижелері баяндалды. Жылдық жұмыс жоспарлары қала әкімінің орынбасарымен келісіліп, бекітілді.

Шара ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді. Мамандар этносаралық татулықты сақтау, жастарды құқық бұзушылықтан қорғау және бірлік пен ынтымақты арттырудағы әрбір азаматтың жауапкершілігін атап өтті. Кездесу қоғамдық өмірдегі өзекті тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беріп, қатысушылар үшін тәжірибелік мәні бар іс-шараға айналды.

Previous Post

АИТВ және ЖИТС дегеніміз не?

Next Post

Мақтаарал ауданында екі елді мекен табиғи газға қосылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz