Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін басты міндет ретінде атап өтті. Осы тапсырмаға сәйкес, Сауран ауданына қарасты Мәшһүр Жүсіп елді мекені тұрғындарының көптен күткен мәселесі оң шешімін тапты.
Аудан әкімінің тұрғындармен өткізген кездесулері барысында елді мекендегі ауыз су тапшылығы мәселесі көтерілді. Ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келген өзекті мәселе аудан әкімінің тікелей бақылауына алынып, тиісті шаралар жүзеге асырылды. Нәтижесінде елді мекен аумағында тереңдігі 705 метр жаңа ауыз су ұңғымасы қазылып, пайдалануға берілді. Бұл ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жұмыс 2025 жылдың қарашасында мердігер Altera KZ ЖШС-пен келісімшарт жасалып басталған болатын. Қазіргі таңда ауылдағы 6 көше мен 139 үй таза ауыз суға қол жеткізді.
Түркістан облысында ауыл инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.



