gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Діни экстремистік идеология бір отбасының немесе бір мекеменің емес, тұтас қоғамның ортақ мәселесі»

16 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Дәстүрлі емес діни ағымдардың таралу жолдары
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау көпсалалы колледжінің ұстазы, саясаттану магистрі, ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызмет саласында еңбек еткен Бақберген Қанат Жарылқасынұлы «Дәстүр» студиясына қонаққа барғанда, бүгінгі қоғам үшін аса өзекті мәселенің бірі жастар арасында діни экстремистік идеологияның таралуы жөнінде өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл қауіпке қарсы тұрудың ең тиімді жолы — сапалы білім беру және жастардың дүниетанымын кеңейту.

«Қазіргі таңда жастар арасында діни экстремистік идеологияның кеңінен таралып жатқанын жасыруға болмайды. Бұл — тек бір отбасының немесе бір мекеменің емес, тұтас қоғамның ортақ мәселесі. Мен осы салада жұмыс істеген кезеңде бір нәрсеге анық көз жеткіздім. Білім бұл жерде шешуші рөл атқарады», — дейді ол.

Қанат Жарылқасынұлының пікірінше, білім адамға ең алдымен ақ пен қараны ажыратуға мүмкіндік береді. Экстремистік идеология белгілі бір бағытта ғана насихат жүргізеді, балама пікірді мойындамайды. Ал, дүниетанымы кең, сыни ойлай алатын адам мұндай біржақты көзқарастың қауіпті екенін бірден аңғарады.

«Адам неғұрлым көп оқыса, неғұрлым көп білсе, соғұрлым ол алданып қалудан алыс болады. Ол өз жолының басқа жаққа бұрылып бара жатқанын көре алады, сезе алады. Ал, егер адамның білімі жеткіліксіз болса, ол радикалды идеологиялардың жетегінде кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, біз ең алдымен білімге ерекше көңіл бөлуіміз керек», — дейді Қанат Жарылқасынұлы.

Білім тек ақпарат беру ғана емес, ол — ойлау мәдениетін қалыптастыру. Білімді адам өзгеге алданбайды, өзгені де алдамайды. Бұл — қоғамдағы діни тұрақтылық пен сенімнің басты кепілі.

Мемлекетіміздің болашағы тікелей жастарға байланысты. Бүгінгі жас буын — ертеңгі күні ел тағдырын шешетін негізгі күш. Шамамен 20 жылдан кейін дәл осы жастар мемлекеттік басқаруда, экономикада, ғылым мен білім саласында шешім қабылдайтын деңгейге жетеді. Сондықтан, бүгінгі таңда олардың қандай білім алып, қандай құндылықтарды бойына сіңіріп жатқанын ескермеу — үлкен қателік.

«Біз ертеңгі күнімізді бүгінгі жастардың шешімдері мен еңбектеріне табыстаймыз. Сол себепті олардың саналы, білімді, отаншыл болып қалыптасуы — аса маңызды. Мен өз Отанымды, өз мемлекетімді шын жүректен жақсы көремін. Еліміздің білімді, бай әрі күшті болғанын қалаймын», — дейді ол.

Бұл орайда Қанат Жарылқасынұлы қазақ халқының ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының сөзін мысалға келтіреді. «Ахмет Байтұрсынұлы «Мемлекет білімді болу үшін — оқу керек, бай болу үшін — кәсіп керек, ал күшті болу үшін — халықтың бірлігі керек» деп бекер айтпаған. Бұл ой бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Білімді мемлекет қалыптастыру үшін оқу мен ізденіске басымдық беру қажет. Экономикалық тұрғыдан дамыған ел болу үшін кәсіпкерлікті, технологияны, инновацияны дамытуымыз керек. Ал, күшті мемлекет болу үшін ең алдымен қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайту қажет. Бірлігі бекем ел ғана кез келген сыртқы және ішкі қауіпке төтеп бере алады», — дейді.

Қорытындылай келе айтарымыз, діни экстремизммен күрес тек тыйым салу немесе жазалау арқылы жүзеге аспайды. Оның алдын алудың ең тиімді жолы — жастарға сапалы білім беру, олардың ой-өрісін кеңейту, сыни ойлау қабілетін дамыту. Білімді, саналы, отанын сүйетін ұрпақ қана мемлекетіміздің берік іргетасы бола алады.

 

Previous Post

Сауран ауданындағы Мәшһүр Жүсіп елді мекенінде ауыз су мәселесі оң шешімні тапты

Next Post

Ұлттық тәрбие мен діни құндылықтарды ұштастыра білсек, болашағымыз баянды болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz