gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұлттық тәрбие мен діни құндылықтарды ұштастыра білсек, болашағымыз баянды болады

17 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Дәстүрлі құндылық және радикалды көзқарас
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі қоғамда ұрпақ тәрбиесі – ең өзекті әрі ең жауапты мәселелердің бірі. Бұл тақырыпқа келгенде айтары мол, өмірлік тәжірибесі бай жандардың пікірі әрдайым маңызды. Осы орайда Кентау қаласының Құрметті азаматы, ардагерлер ұйымы жанынан құрылған Әжелер алқасының төрайымы, көпбалалы ана, білім саласының ардагері, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Роза Жұмабайқызы ұрпақ тәрбиесіне қатысты өзекті ойларымен бөлісті.

Роза Жұмабайқызы дәстүрлі дін мен ұлттық тәрбиенің бір-бірінен ажырамайтын тұтас ұғым екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, қазақ халқы ислам дінін ешқашан жат формада қабылдаған емес, оны салт-дәстүрімен, тұрмыс-тіршілігімен үйлестіре отырып ұстанған. Осы сабақтастық ұлттың рухани тұтастығын сақтап, ел ішіндегі татулық пен бірлікті нығайтып келген.

«Біздің ата-бабамыз дінді ұлттық болмысына қарсы қоймаған. Керісінше, дін арқылы адамгершілікті, сабырды, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді қалыптастырған. Бүгінгі дәстүрлі дін дегеніміз – елді бөлмейтін, қоғамды біріктіретін, отбасылық құндылықтарды бекемдейтін рухани негіз», – дейді ол.

Осы орайда, қоғамда алаңдаушылық тудырып отырған мәселелердің бірі – керағар діни ағымдардың жастар санасына ықпалы. Мұндай жат бағыттар көбіне ұлттық дәстүрді, салт-сананы жоққа шығарып, жастарды отбасынан, қоғамнан оқшаулауға ұмтылады. Ал бұл өз кезегінде ел бірлігіне, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді.

Роза Жұмабайқызының пікірінше, керағар ағымдардың алдын алудың ең тиімді жолы – діни сауаттылықты арттыру мен ұлттық тәрбиені күшейту. Егер бала жастайынан дәстүрлі діннің мәнін, оның адамды ізгілікке, сабыр мен келісімге бастайтынын түсініп өссе, ол ешқашан радикалды, шектен шыққан идеялардың жетегінде кетпейді. Өйткені дәстүрлі дін – төзімділік пен татулықты дәріптейді.

Бұл бағытта отбасының, мектеп пен қоғамның жауапкершілігі зор. Ата-ана баласына дін туралы үстірт емес, дұрыс әрі байыпты түсінік беруге міндетті. Ал білім беру ұйымдарында ұлттық тарих пен салт-дәстүрге негізделген тәрбие жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Сонда ғана жастар өз тамырын танып, жат идеологияға қарсы рухани иммунитет қалыптастыра алады.

«Елдің бірлігі ең алдымен рухани тұтастықтан басталады. Егер ұрпақ дәстүрін, дінін терең білсе, ол ешқашан елді бөлетін жолға түспейді. Сондықтан дәстүрлі дін мен ұлттық тәрбиені қатар алып жүру – бүгінгі күннің басты міндеті», – дейді ол.

Previous Post

«Діни экстремистік идеология бір отбасының немесе бір мекеменің емес, тұтас қоғамның ортақ мәселесі»

Next Post

Заң мен тәртіп – терроризмге қалқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz