Кентау қаласында терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағытында жұмыстар тұрақты жүргізілуде. Сонымен қатар, діни бірлестіктермен тығыз байланыс орнатылып, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау арқылы қоғамда рухани иммунитет қалыптастыруға басымдық берілуде. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында 2026 жылдың қаңтар айында 18 ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Заң мен тәртіп – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың жауапкершілігі. Әр адам ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікке бейжай қарамауы тиіс. Күмәнді діни ағымдар мен радикалды идеяларға қарсы тұру, интернет кеңістігіндегі жалған ақпараттарға сын көзбен қарау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Терроризмге қарсы күресте ең басты қару – бірлік пен ынтымақ. Татулық пен тұрақтылық – Тәуелсіз еліміздің басты байлығы. Қоғамда әділдік үстемдік құрып, заң талаптары мүлтіксіз орындалған жағдайда ғана біз кез келген қауіптің алдын ала аламыз.
Жайна Аринова,
Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманы



