gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұят, инабат, парасат: қыз тәрбиесінде дәстүрлі діннің рөлі

18 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ұят, инабат, парасат: қыз тәрбиесінде дәстүрлі діннің рөлі
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақ халқы қыз тәрбиесіне әрқашан ерекше мән берген. Өйткені қыз – тек бір отбасының ғана емес, тұтас ұлттың айнасы, болашақ ана. Осы ойды өмірлік ұстанымына айналдырған аналардың бірі – Кентау қаласының ардагерлер ұйымы жанынан құрылған Әжелер алқасының мүшесі, Орал Әбішева.

«Біз немерелерімізге үнемі «Ары бар, ұяты бар, намысы бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деп айтып отырамыз. Бұл сөздің астарында терең тәрбие, үлкен жауапкершілік жатыр. Қазақта «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе күннен тыю» деген тәмсіл бар. Дегенмен бұл тыйымның өзі жөн-жосықсыз, бейберекет болмауы тиіс. Әркім келіп қызға «былай жүр, олай жүр» деп ақыл айту – дұрыс емес. Негізгі тәрбие отбасынан басталады, ең алдымен ана арқылы беріледі, », – дейді ол.

Қыз тәрбиесінде дәстүрлі діннің рөлі ерекше. Исламда да қыздың дұрыс тәрбие алуы, әдепті, инабатты болып өсуі маңызды деп көрсетіледі. Дәстүрлі құндылықтар мен отбасылық тәрбие арқылы қызға адалдық, қайырымдылық, сыпайылық сияқты қасиеттер дарытылады. Сол арқылы қыз тек жеке адам болып қалып қана қоймай, болашақ ана ретінде ұрпақ тәрбиесінде үлгі болады.

«Қазір заман өзгерді, ақпарат көбейді. Немерелеріміз интернеттен түрлі дүниелерді көріп, соған еліктейді. Сол кезде ананың рөлі бұрынғыдан да арта түседі. Себебі кейбір нәзік тәрбиені әке айта алмайды. Бұл – әрі дәстүрде, әрі дінімізде бар қағида.

«Кейбір ата-аналар баласын мектепке жіберген соң, тәрбиені түгелдей мектептің мойнына артып қояды. Бұл – үлкен қателік. Сабақ уақытында балаға мұғалім жауапты болса, мектептен келген соң ата-ананың жауапкершілігі басталады. Қыз бала болсын, ұл бала болсын – бәрі бірдей қадағалауды қажет етеді. Үйге келгенде не істеп отыр, кіммен сөйлесіп жүр, телефонды қалай пайдаланып жатыр – бұның бәрі ата-ананың бақылауында болуы тиіс. Қазіргі таңда ұялы телефонды уақытымен, мөлшермен беруді әдетке айналдыру – дұрыс қадам» — дейді Орал Әбішева.

Қазіргі таңда ақпарат ағыны мен кейбір керағар діни ағымдар қыздардың санасына дұрыс емес идеологияны енгізуге тырысып жатыр. Сондықтан отбасында, мектепте және қоғамда қыз балаға тәрбие беруде дәстүрлі дін мен ұлттық құндылықтарды насихаттау маңызды. Баланы жат ағымдардан қорғау – ата-ананың, сондай-ақ мектеп пен қоғамның ортақ жауапкершілігі болып табылады.

«Қыз тәрбиесі ұсақ-түйектен басталады. «Қыз бала ұйқыдан тұрған соң, ең алдымен төсегін жинауы керек» деп үйреткен бұрынғылар. «Қыздың жиған жүгіндей» деген сөз де бекер айтылмаған. Әр ісіне ұқыптылық, тиянақтылық талап етілген. Ыдысты сылдырлатпай жуу, істі асықпай, әдемілеп орындау – мұның бәрі қыздың ішкі мәдениетін қалыптастырады», – дейді Орал Әбішева.

Әжелер алқасының мүшелері мектептерге жиі барып, жасөспірім қыздармен кездесулер өткізеді. Ондай кездесулерде қыздар қолынан шыққан бұйымдарға қызығып, үйренуге ынта танытады.

«Үйренемін деген қыздарға үйретуден жалыққан емеспін», – дейді Орал Әбишев. Бұл – ұлт болашағына жасалған үлкен қызмет.

Қорытындылай айтқанда, қыз тәрбиесі – тек бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі. Дегенмен оның бастауы отбасында, негізі дәстүрімізде, рухани тірегі дінімізде жатыр. Осы құндылықтарды сақтап, қыз баланы ұятпен, инабатпен, өнермен тәрбиелей алсақ, ертеңгі аналар да саналы, парасатты болып өсері сөзсіз.

Previous Post

Заң мен тәртіп – терроризмге қалқан

Next Post

Кентау мақтаныштары: Туған жердің атын асқақтатқан бірегей тұлғалар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz