gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаштағы Жылға ауылдық округінде тұрғындар таза ауыз су мен көгілдір отынға қол жеткізді

13 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарыағаштағы Жылға ауылдық округінде тұрғындар таза ауыз су мен көгілдір отынға қол жеткізді
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округінде тұрғындармен кезекті кездесу өткізіп, 2025 жылы атқарылған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалардың нәтижелері мен орындалу барысын баяндады. Жиын еркін форматта ұйымдастырылып, тұрғындар ауылдық округтің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында ауылдық елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету міндетін басты бағыт ретінде атап өтті. Осы тапсырмаға сәйкес, Жылға, Қарақалпақ және Шайхана елді мекендерінде 2025 жылы табиғи газ желілері тартылып, тұрғындар көгілдір отынға қол жеткізді.

Шеңгелді елді мекенінде жаңа электр желісі тартылып, 6 дана трансформатор орнатылды. Бұл электр қуатының сапасын арттыруға және жүктемені азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, елді мекенде ауыз судың ішкі жүйелері пайдалануға берілді, ал Мырзахметқажы көшесіне 280 метр асфальт төселді. Ауылдық клубтың құрылысы басталып, ағымдағы жылы 75 орындық нысан пайдалануға берілу жоспарлануда.

Шымырбай елді мекенінде Тәуелсіздік көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылып, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Ішкі ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу үшін «DanAi group» ЖШС жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, тиісті қаржыландыруға ұсынылды. Шайхана елді мекенінде медициналық пункттің құрылысы аяқталып, ауыл тұрғындары алғашқы медициналық көмекті жергілікті жерде алуға мүмкіндік алды.

2026 жылға арналған жоспарларға сәйкес, Жылға елді мекенінде Х.Қойшығұлов көшесін жарықтандыру көзделген. Шеңгелдіде Жылға елді мекенінен 10 кВт электр желісін тарту үшін жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан ұсынылады. Сонымен қатар, 75 орындық ауылдық клубты толық аяқтап, Сапар Датқа көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу жоспарлануда.

Шымырбайда А.Есқожаев көшесін жарықтандыру және таза ауыз су құбырын жүргізу жұмыстары қолға алынбақ. Қарақалпақта балалар ойын алаңшасы салынады, сметалық құжаттамасы дайын. Шайхана елді мекенінде Т.Бокин және С.Танменов көшелерін жарықтандыру жұмыстары жүзеге асырылады.

Жылға ауылдық округінде жүзеге асырылып жатқан жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, экологиялық және әлеуметтік ахуалды жақсартуға бағытталған. Бұл жұмыстар – Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындаудың нақты көрінісі әрі өңірді дамытудың маңызды кезеңі болып отыр.

Previous Post

Созақ ауданы алғаш рет табиғи газ желісіне қосылып, тұрғындар «көгілдір отынмен» қамтылды

Next Post

Саурандағы Ақтөбе су қоймасының қауіпсіздігі мен техникалық жай-күйі тексерілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz