gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Таза Қазақстан: Сайрамда сенбілік өтті

31 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Таза Қазақстан: Сайрамда сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелерін басты міндет ретінде атап өтті. Осы тапсырма аясында, Сайрам ауданында жүйелі сенбілік және абаттандыру шаралары ұйымдастырылуда.

Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылдық округі аумағында Алаш және Ақсу елді мекендері, сондай-ақ Жібек жолы, Төле би және Қыстаубаев көшелері бойында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілікке аудан әкімдігінің аппараты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық орталық аурухана, Ақсукент ауылдық округі әкім аппараты және «Көрікті Сайрам» коммуналдық мекемесі қатысып, бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды.

Сенбілік барысында каналдар мен арық-атыздар тазаланып, көше бойлары ретке келтірілді, қураған ағаштар кесіліп, аумақтар абаттандырылды. Алаш және Ақсу елді мекендерінде өткен жұмыстарға 600 адам жұмылдырылып, 8 бірлік арнайы техника қолданылды. Нәтижесінде полигон аумақтарына 11 тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылды.

Аталған іс-шаралар Сайрам ауданының санитарлық жағдайын жақсартуға, жасыл желектерді күтіп-ұстауға, тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Аудан әкімдігі мен коммуналдық қызметтер алдағы уақытта да тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырып, елді мекендерді таза әрі көрікті күйде ұстауды жалғастырады.

Тазалық – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Аудан тұрғындарына қоғамдық орындарды, көшелерді таза ұстауға, қоршаған ортаны қорғауға және туған жердің көркеюіне белсенді қатысуға шақырылады.

Previous Post

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Next Post

Түлкібас ауданында тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz