gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырарда абаттандыру және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жетілдірілуде

2 февраля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Отырарда абаттандыру және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жетілдірілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында өңірлік туризмді дамыту, тарихи-мәдени нысандарды абаттандыру және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды маңызды міндеттердің бірі ретінде атап өткен болатын. Осы тапсырманы орындау шеңберінде Түркістан облысының тарихи-мәдени орталығы саналатын Отырар ауданында ауқымды абаттандыру және инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің нұсқауы бойынша аудан әкімі Қайрат Жолдыбайтің бастамасымен аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі үйлестіруімен бірқатар жобалар аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылды. Аталған жобалар елді мекендердің сәулеттік келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қасиетті Отырар туризм кластерін дамытуға қолайлы аймақ ретінде Арыстанбаб кесенесі маңына ерекше назар аударылды. Кесене жанынан өтетін айналма жолдың қасбеттері абаттандырылып, бірыңғай стильде жаңартылды. Бұл шара зияратшылар мен шетелдік қонақтар үшін ауданның мәдени деңгейін көрсететін маңызды қадам болды.

Сонымен қатар, «Түркістан – Шәуілдір» бағытындағы ауданға кіреберіс бас қақпаны абаттандыру жұмыстары аяқталып, әрбір келуші Отырардың жаңарған, заманауи келбетін бірден көре алады.

Аудан орталығы – Шәуілдір ауылында да абаттандыру жұмыстары жалғасын тапты. Ұ.Арғынбеков даңғылы бойындағы 8,2 шақырым аумаққа жарықдиодты шамдар орнатылды. Жаңа жарықдиодты элементтер энергияны үнемдеумен қатар, түнгі уақытта жол көрінісін жақсартып, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді.

Елді мекендердің ішкі инфрақұрылымын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Мысалы, Отырар ауыл округіне қарасты Арыс елді мекеніндегі Малдыбеков көшесі тұрғындардың көптен көтеріп жүрген өзекті мәселесі болатын. Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, ұзындығы 2 850 метр болатын көшеге заманауи тротуар салынып, толықтай жарықтандыру жүйесі орнатылды. Бұл жоба әсіресе жаяу жүргіншілер мен мектеп оқушылары үшін маңызды болып, ұзақ жылдар бойы шешілмей келген мәселенің түйінін тарқатты.

Previous Post

Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді

Next Post

Кентаудағы Байылдыр ауылында жаңа заманауи спорт-сауықтыру кешені құрылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz