gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Дарбаза – Мақтаарал: өңір экономикасын өркендететін стратегиялық жоба

30 января, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Дарбаза – Мақтаарал: өңір экономикасын өркендететін стратегиялық жоба
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Жолдауында өңірлердің транзиттік әлеуетін арттыруға, жаңа жолдар мен теміржол бағыттарын дамытуға ерекше мән беруді тапсырған болатын. Осы міндеттің жүзеге асырылуы аясында Түркістан облысында стратегиялық маңызы бар «Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы» жобасы қарқынды жүргізіліп жатыр.

Жобаны толық іске қосу 2026 жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Құрылыс алаңындағы жұмыстар қатаң бақылауға алынған. Нысанды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тапсырысымен «Integra Construction KZ» ЖШС жүзеге асыруда.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Исқалиев және жобаны іске асырушы мердігер ұйым өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында құрылыс барысының қазіргі жай-күйі баяндалып, туындаған өзекті мәселелер мен шешу жолдары талқыланды.

Облыс әкімі жауапты тұлғаларға жұмыстарды жеделдетіп, барлық тапсырмаларды белгіленген мерзімде әрі сапалы орындауды қатаң тапсырды.
«ҚТЖ» ҰК АҚ құрылыс жөніндегі басқарушы директоры Марат Исқалиевтің мәліметінше, қазіргі уақытта аяқталған жер қазу жұмыстарының жалпы көлемі 9,1 млн текше метрді құрайды. 19,8 шақырымға рельсті шпал торы төселген және көпірлер мен өткелдер, су құбырлары мен жасанды құрылымдарды монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жаңа теміржол желісінің ұзындығы 172 шақырымды құрайды.

«Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желісінің негізгі мақсаты – жүк және жолаушылар тасымалы көлемін арттыру, транзиттік тасымалдарды ашу, жаңа бағыттарды іске қосу. Сондай-ақ, Түркістан – Шымкент – Ташкент учаскесіндегі өткізу қабілетін тәулігіне 35 жұп поезға дейін ұлғайту.

Previous Post

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында жалғызбасты қарттарға әлеуметтік көмек көрсетілді

Next Post

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz