gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жат діни ағымдар халқымыздың ұлттық құндылықтарын, тарихын, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды терістеуге тырысады

11 февраля, 2026
in Қоғам
0
Жат ағым өкілдерінің қателіктері
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі таңда діни тұрақтылық мемлекет қауіпсіздігінің, ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің маңызды негіздерінің бірі болып табылады. Әсіресе, жаһандану дәуірінде ақпараттық кеңістіктің ашықтығы, әлеуметтік желілердің шексіз мүмкіндігі түрлі діни идеялардың еркін таралуына жол ашты. Осындай кезеңде дін атын жамылған жат ағымдардың ықпалына қарсы тұру – уақыт талабы.

Түркістан облысы дін мәселелерін зерттеу орталығының директоры Халық Медет Мұзаппарұлының айтуынша, 1990 жылдардан бастап елімізге жат діни ағымдар дендеп ене бастады.

«Ислам атын жамылған кейбір діни ағымдардың ортақ мақсаты – қоғамды надандандыру, білім мен ғылымнан алшақтату. Олар зайырлы білім алуға шектеу қойып, тәлім-тәрбиеге күмән келтіреді. «Тек біз ғана ақиқат жолдамыз, өзгелер – адасқандар» деген түсінікті саналарға сіңіру арқылы қоғамда бөлінушілік туғызады. Сонымен қатар, олардың бір бөлігі коммерциялық мақсатты көздейді. Діни ұйымға мүше болған азаматтардың мүлкін түрлі айла-шарғымен өз аттарына аудартып алу жағдайлары кездеседі. Өкінішке қарай, көлігінен, үйінен айырылып, сан соғып қалған отбасылар аз емес.

Жат діни ағымдардың тағы бір қауіпті тұсы – олар қазақ халқының ұлттық құндылықтарын, тарихын, салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды терістеуге тырысады. Дәстүрімізде қалыптасқан үлкенді сыйлау, ата-баба рухына құрмет, отбасылық тәрбие, ұлттық мерекелер мұның барлығы «дінге жат» деп бұрмаланып жатады. Ал, шын мәнінде, дінімізде де, дәстүрімізде де адамгершілік, ізгілік, әдептілік қатар өрілген», — дейді Медет Мұзаппарұлы.

Қазақ халқы ғасырлар бойы исламды ұлттық болмысымен үйлестіріп ұстанған. Егер біз өз мінезімізден, тарихымыздан, салт-санамыздан айырылсақ, ұлт ретінде әлсірейміз. Бүгінде жат діни ағымдар әлеуметтік желілер арқылы белсенді жұмыс жүргізуде. Ақпараттық қауіп бұрынғыдан да күшейді. Сондықтан әр азаматтың діни сауаттылығы маңызды. Ал, енді «жалған уағызшыларды қалай ажыратуға болады?» деген сауалға келсек. Медет Мұзаппарұлы бұған былай деп жауап береді.

«Біріншіден, олар көбіне әлеуметтік желіде өздерінің түр-тұлғасын көрсетпейді. Кейбірі видеоға, фотоға түсуді «күнә» деп есептейтінін алға тартады. Бұл – жауапкершіліктен қашудың бір тәсілі. Екіншіден, олар ресми құжаттағы аты-жөндерін қолданбайды. Міндетті түрде түрлі лақап аттармен шығып, өздерін бүркемелейді. Ашықтық пен жауапкершілік жоқ жерде күмән туындауы заңды. Үшіншіден, олардың басым көпшілігі Қазақстанда туғанымен, шетелде, әсіресе араб елдерінде бас сауғалап жүргендіктен, нақты жұмыс орнын, қызмет ететін мешітін немесе медресесін көрсете алмайды. Олар қай жерде білім алғанын, кімнен тәлім алғанын нақты дәлелдей алмайды. Ал, дәстүрлі бағыттағы дін қызметкерлері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының имамдары ашық қызмет етеді. Олардың аты-жөні белгілі, өмірбаяны қолжетімді, нақты мешіттерде жұмыс істейді. Дінімізде жасырындық емес, ашықтық пен жауапкершілік қағидасы басым», — дейді Медет Мұзаппарұлы.

Діни тұрақтылық сақталған жерде ел бірлігі нығаяды. Ал, діни алауыздық қоғамды әлсіретеді. Қазақ халқы үшін бірлік ең қастерлі ұғымдардың бірі. Дінімізде мұсылмандардың бөлінбеуі, жік-жікке бөлініп, бірін-бірі айыптамауы туралы нақты ескертулер бар. Ал, дәстүрімізде ынтымақ пен татулық бірінші орынға қойылған. Осы екі негіз дінімізде және дәстүрімізде өзара үйлесім тапқанда ғана қоғам тұрақты дамиды.

 

Previous Post

Білімсіз дін – адасудың бастауы

Next Post

Байылдыр ауылында ақпараттық-түсіндіру ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz