“AMANAT” партиясының Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен, партияның қоғамды қабылдау жұмысы жоспарына сәйкес, қала әкімі Жандос Тасов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға қалалық маслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының төрағасы Арман Басаров, қала әкімінің жауапты орынбасарлары, аппарат басшысы және бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар тарапынан әлеуметтік маңызы бар бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, жұмысқа орналасу, жолдарды жөндеу, ойын алаңшалар орнату, тұрғын үй мәселелері, көгілдір отынға қосылу, әлеуметтік бағыттағы басқа да сұрақтар.
Қала әкімі әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерге қатысты тиісті түсіндірмелер берді. Қабылдау кезінде бірқатар мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, кейбір сұрақтар қосымша зерделеуді қажет ететіні айтылды.
Қала әкімі азаматтардың өтініштері кезең-кезеңімен шешімін табатынын атап өтті.



