Түркістан облысында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында «Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару» ұранымен арнайы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Оразгелді Дүйсен мәлімдеді.
«Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні мерекесі қарсаңында 1-30 наурыз аралығында Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басқармалары мен бөлімдері Ашық есік күндерін өткізеді. Сондай-ақ, облыстағы оқу орындарында интерактивті сабақтар, жарыстар, дәрістер мен сұхбаттар өткізілетін болады. Жалпы биылғы Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ұйымдастырылатын іс-шаралардың мақсаты — экологиялық сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жоюға азаматтық қорғау органдары мен халықтың дайындығын арттыру. Аумақтардың тұрақты әрі қауіпсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында экологиялық тәуекелдерді басқару мәдениетін қалыптастыру» — деді спикер.



