gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Нұралхан Көшеров продюсер Жанат Мұқанов пен әнші Төреғали Төрәліні қабылдады

13 марта, 2026
in Жаңалықтар, Мәдениет
0
Нұралхан Көшеров продюсер Жанат Мұқанов пен әнші Төреғали Төрәліні қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров белгілі продюсер Жанат Мұқанов пен танымал әнші Төреғали Төрәлімен кездесті. Кездесу барысында өңірдің мәдениет саласын дамыту және жаңа шығармашылық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
– Киелі Түркістанға қош келдіңіздер. Тарихы тереңде жатқан өңір бүгінде қарқынды даму үстінде. Көптеген әлеуметтік, мәдени, спорттық және туристік нысандар салынды. Бірақ туризмді дамыту үшін тек ғимараттар салу жеткіліксіз, қаланың «жаны», адами капиталы, креативті индустриясы болуға тиіс. Оған өздеріңіз сияқты өнерлі, шығармашыл азаматтар үлес қосады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдаулары мен тапсырмаларында туризмді дамыту, өңірлерді жан-жақты өркендету міндетін жүктеді. Түркістанда осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Халықаралық деңгейдегі ескек есу каналы мен атшабар ашылды. Халықаралық деңгейдегі іс-шаралар, жарыстар өткіземіз. Идеялар мен ұсыныстарды талқылап, жобаларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Түркі әлемінің орталығына айналған Түркістанның мәртебесін көтеру – абыройлы міндет,– деді Нұралхан Көшеров.
Төреғали Төрәлі Түркістанға көшіп келу жүрек қалауымен болған іс екенін айта келе жоспарлары мен жобалары туралы баяндады.
– Тарихы тереңде жатқан Түркістан ерекше ұнады. Қала өте әдемі әрі жақсы дамып жатыр. Шығармашылықты дамытып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз, – деді әнші.
Кездесуде продюсер Жанат Мұқанов Түркістан өңірінің мәдени әлеуетін көтеру, жастар шығармашылығын қолдау және заманауи мәдени жобаларды іске асыру бағытындағы ұсыныстарды ортаға салды. Сондай-ақ алдағы уақытта өңірде ұйымдастырылатын мәдени іс-шаралар мен шығармашылық бастамаларды жүзеге асыру жайы сөз болды.
Өнер өкілдері Түркістан қаласының рухани-мәдени орталық ретіндегі маңызына тоқталып, өңірдің мәдени өміріне үлес қосуға дайын екендерін жеткізді.
Облыс әкімі өңірде мәдениет пен өнерді дамытуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Түркістан бүгінде еліміздің рухани орталығы ретінде қарқынды дамып келеді. Қалада туризм, мәдениет және шығармашылық индустрияларды дамытуға бағытталған түрлі жобалар қолға алынуда.
Кездесу қорытындысында тараптар мәдени жобаларды бірлесіп жүзеге асыру және Түркістанның шығармашылық әлеуетін арттыру бағытында ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.
Айта кетейік, Төреғали Төрәлі Наурыз мерекесінде Түркістандағы халықаралық атшабардың ашылу салтанатында өтетін көкпар мен бәйге додаларында өнер көрсетеді деп күтіліп отыр.
Previous Post

Жаңа Конституция – демократиялық институттарды нығайтып, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ететін негіз

Next Post

Түркістан облысында тұрғындардың мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz