gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында тұрғындардың мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде

13 марта, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында тұрғындардың мәселелері кезең-кезеңімен шешілуде
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысында тұрғындар мәселесі кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті рет қабылдау өткізіп, кезектілік тәртібімен жазылған өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға жауапты басқарма басшылары мен қала әкімінің орынбасары қатысып, әр мәселенің оңтайлы шешілуіне атсалысты.
Тұрғындар тарапынан сан түрлі әлеуметтік және қоғамдық мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, жекеменшік мектепті ашуға қаржылай қолдау көрсету, Тәжік-Ауған соғысының ардагерлеріне сауықтыру шипажайында демалуға жолдама беру, соғыс ардагерлеріне арналған бұрыш ұйымдастыру, сондай-ақ жастарға арналған турнир өткізу мәселелері айтылды. Сонымен қатар осыған дейін көтерілген мәселелердің шешілгенін айтып, алғысын білдіргендер де болды.
Өтініштерді мұқият тыңдаған облыс әкімінің орынбасары жауапты мамандар мен сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Тұрғындар тарапынан айтылған өтініш пен ұсыныс-пікірлер хаттамаға түзіліп, тиісті жұмыстар жүргізіледі.
Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастырады. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді.
Previous Post

Нұралхан Көшеров продюсер Жанат Мұқанов пен әнші Төреғали Төрәліні қабылдады

Next Post

Көлік салығы төмендетілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz