gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанның автопаркі жаңарып, жүргізушілерге 35 жаңа автобус кілті тапсырылды

2 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанның автопаркі жаңарып, жүргізушілерге 35 жаңа автобус кілті тапсырылды
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласының тасымалдаушы компанияларға 35 заманауи автобустың кілтін табыстады. Нақтырақ айтқанда, «Жолаушы» компаниясы 12 көлік және «ТехПрофАвто» компаниясы 23 автобуспен толықты. Сонымен қатар адал еңбегі, жоғары жауапкершілігі және қызметтік міндеттерін үлгілі атқарғаны үшін көлік саласында қызмет етіп жүрген бір топ азаматты алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты шарада облыс әкімі қоғамдық көлік саласының маңыздылығына тоқталып, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз тасымалдау қызметін қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
– Бүгін біз қасиетті Түркістан төрінде қаламыздың көліктік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды шараның куәсі болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қолдауымен Түркістанға ерекше мәртебе беріліп, шаһарымыз дамудың жаңа сатысына көтерілді. Қасиетті Түркістанымызға келетін туристер саны жылдан жылға артып келеді. Былтыр Түркістанға 1 млн 200 мың турист пен қонақ келсе, осы жылдың 3 айында 450 мың адам саяхаттаған. Сондықтан ерекше статусқа сай болуы үшін қоғамдық көліктеріміз де заман талабына жауап беруге тиіс. Осыған орай, жергілікті әкімдік пен тасымалдаушы компаниялардың бірлескен жұмысының арқасында көптен күткен 35 жаңа, заманауи автобус пайдалануға берілгелі тұр. Жыл соңына дейін қалалық автопарк тағы да толығады. Қоғамдық көлік – қала тынысының күретамыры. Таң атқаннан кеш батқанға дейін мыңдаған тұрғынды межелі жеріне жеткізіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Қоғамдық көліктерді пайдаланушылар саны жыл сайын арта түсетіні сөзсіз. Сондықтан біз автопаркті жаңғырту жұмысын жалғастыра береміз. Баршаңызға қажырлы еңбектеріңіз бен кәсіби біліктіліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Жаңа «темір тұлпарлар» халыққа сапалы әрі ұзақ қызмет ете берсін! Әрқашан жолдарыңыз ашық болсын! – деді Нұралхан Көшеров.
Жаңа қоғамдық көліктер бейнебақылау камерасымен, желдеткішпен, электронды билет жүйесімен жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға да арнайы пандустар қарастырылған.
Қазіргі таңда қала тұрғындарына 204 қоғамдық көлік 21 бағытта қызмет көрсетеді. Осы саланың дамуына 300-ге жуық маман үлес қосуда. Өткен жылы қалада 27,6 млн адам қоғамдық көлікпен тасымалданған. Тасымалдау қызметін «Жолаушы» және «ТехПрофАвто» компаниялары атқаруда.
Previous Post

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

Next Post

Келес ауданында 150 мың гектарға жуық алқапта шегірткеге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz