gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданында 150 мың гектарға жуық алқапта шегірткеге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіледі

3 апреля, 2026
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданында 150 мың гектарға жуық алқапта шегірткеге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізіледі
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Келес ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан әкімі Жәнібек Ағыбаевпен бірге фитосанитарлық ахуалды тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңейтілген жиын өткізді. Онда 2026 жылы үйірлі шегірткелерге қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу және алдын алу шараларының кешенді жоспары талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев дайындық барысы туралы баяндап, нақты жоспарлар мен ұйымдастыру жұмыстарына тоқталды.
Мамандардың мәліметінше, алдағы кезеңде аудан бойынша жалпы көлемі 143 350 гектар жерге химиялық өңдеу жүргізіледі. Бұл аумақ 19 секторға бөлініп, жұмыстарды үйлестіруге ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мекемелердің 19 маманы және жергілікті атқарушы органнан 38 өкіл жауапты болып бекітілген. Далалық жұмыстарға 220 анықтаушы маман, 44 арнайы автокөлік жұмылдырылады. Сондай-ақ, жұмысшылар үшін 23 жатын орын дайындалған.
Ең ауқымды өңдеу жұмыстары Бірлік ауылдық округінде – 44 100 гектарға, Жамбыл ауылдық округінде – 44 100 гектарға, Бозай ауылдық округінде – 39 600 гектар аумақта жүргізілетін болады. Сонымен қатар, Қошқарата, Біртілек, Ошақты және Ақтөбе ауылдық округтеріндегі фитосанитарлық жағдайға ерекше назар аударылады. Жиыннан кейін жұмыс тобы Ақтөбе және Жүзімдік ауылдық округтеріне барып, алқаптардың нақты жағдайымен танысты.
Previous Post

Түркістанның автопаркі жаңарып, жүргізушілерге 35 жаңа автобус кілті тапсырылды

Next Post

Түркістанда акватуризм дамытылып, заманауи балық шаруашылығы кластері құрылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz